НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймақта тұр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы хабарлады.
"Сары" аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары.
Қалған өңірлер "жасыл" аймақта: Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы.
"Қызыл" аймақта қатаң шектеу шаралары енгізіледі, "сары" аймақта қазіргі карантиндік шаралар ұзартылады және олардың сақталуына бақылау күшейтіледі, "жасыл" аймақта жағдай тұрақты, шектеу шаралары жеңілдетілуі мүмкін.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирус індетіне қатысты жаңа мәлімет жарияланды
Өткен тәулікте тағы 729 адамның коронавирус індетіне шалдыққаны белгілі болды. Өңірлер арасында Қазақстанның астанасы науқастардың саны жағынан күтпеген жерден бірінші орынға шықты – мұнда ұзақ уақыттан бері алғаш рет жүзден астам науқас тіркелді.