НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте тағы 729 адамның коронавирус індетіне шалдыққаны белгілі болды, деп хабарлады COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Айта кетейік, кеше 670 науқас тіркелген болатын.
8 желтоқсанда Түркістан облысында қауіпті вирусты жұқтырған бірде-бір адам анықталған жоқ.
Өңірлер бойынша мәлімет:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 106,
- Алматы қаласы – 68,
- Шымкент қаласы – 4,
- Ақмола облысы – 60,
- Ақтөбе облысы – 8,
- Алматы облысы – 22,
- Атырау облысы – 34,
- Шығыс Қазақстан облысы – 95,
- Жамбыл облысы – 22,
- Батыс Қазақстан облысы – 34,
- Қарағанды облысы – 30,
- Қостанай облысы – 74,
- Қызылорда облысы – 1,
- Маңғыстау облысы – 3,
- Павлодар облысы – 98,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 70.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 138 382.