Шебер, табысты кәсіпкер Алена Киселева ұсталықты әңгіме еткенде оның металды бағындыруға деген құлшынысы бала кезінде пайда болғанын айтты. Алена бала күнінен сурет салуға қызыққан, мектеп кезінде қабырға газеті мен плакаттар салған. Мектепті бітірген соң "металдарды көркем өңдеу" шығармашылық мамандығын таңдайды.
Алена таңдауын сөз еткен кезде "Неге дизайнер немесе суретші емес? Бәрі оңай – жұмысқа мидың екі бөлігі де атсалысқанын қаладым. Яғни, шығармашылық пен инженерлік симбиозды біріктіргім келді. Жаңа дүниені жасаған кезде күрделі сызбаларды, физика мен математика заңдарын қолдана отырып жасайсың" дейді.
Ал өзінің жеке шеберханасын құру туралы арманы да бірден орындала салған жоқ. Алена оған да бірнеше қадам жасап жеткен. Бастапқыда гараждан бір бұрышты босатып алған, одан кейін көрікті құрып, жұмыс істеген.
"Темір ұстасы болу үшін сақалды ер адам болудың қажеті жоқ екенін енді анық білемін. Нәзік қыз да ұста бола алады", - деп жазды Алена әлеуметтік желілердегі парақшасында.
Алена бүгінге дейін жүздеген туынды жасаған. Балалар мен ересектерге арнап ондаған шеберлік сағатын өткізді. Ал оның ұшқыр қиялына коронавирус пандемиясы да шектеу қоя алмайды.
Темір ұстасы болып жұмыс істейтін бойжеткен жайлы біздің фотолентадан көріңіз.