Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Темір ұстасы болып істейтін бойжеткен: сақалды ер азамат болу міндет емес - фото

Жазылу
"Қалыңдықтар қаласында" тұратын бойжеткен бес жылдан бері ұсталықпен айналысады. My sister's garage дизайнерлік бұйымдар шеберханасы келесі жылдың қаңтарында мерейтойын тойлайды

Шебер, табысты кәсіпкер Алена Киселева ұсталықты әңгіме еткенде оның металды бағындыруға деген құлшынысы бала кезінде пайда болғанын айтты. Алена бала күнінен сурет салуға қызыққан, мектеп кезінде қабырға газеті мен плакаттар салған. Мектепті бітірген соң "металдарды көркем өңдеу" шығармашылық мамандығын таңдайды.

Алена таңдауын сөз еткен кезде "Неге дизайнер немесе суретші емес? Бәрі оңай – жұмысқа мидың екі бөлігі де атсалысқанын қаладым. Яғни, шығармашылық пен инженерлік симбиозды біріктіргім келді. Жаңа дүниені жасаған кезде күрделі сызбаларды, физика мен математика заңдарын қолдана отырып жасайсың" дейді.

Ал өзінің жеке шеберханасын құру туралы арманы да бірден орындала салған жоқ. Алена оған да бірнеше қадам жасап жеткен. Бастапқыда гараждан бір бұрышты босатып алған, одан кейін көрікті құрып, жұмыс істеген.

"Темір ұстасы болу үшін сақалды ер адам болудың қажеті жоқ екенін енді анық білемін. Нәзік қыз да ұста бола алады", - деп жазды Алена әлеуметтік желілердегі парақшасында.

Алена бүгінге дейін жүздеген туынды жасаған. Балалар мен ересектерге арнап ондаған шеберлік сағатын өткізді. Ал оның ұшқыр қиялына коронавирус пандемиясы да шектеу қоя алмайды.

Темір ұстасы болып жұмыс істейтін бойжеткен жайлы біздің фотолентадан көріңіз.

© Sputnik / Varvara Gert'e / Медиабанкке өтуАлена Кисилева негізін қалаған My sister's garage дизайнерлік бұйымдар шеберханасы келесі жылдың қаңтарында бес жылдығын тойлайды
Основатель мастерской дизайнерских изделий My sister's garage Алена Киселева в своей кузнице в Иванове - Sputnik Қазақстан
1/9
Алена Кисилева негізін қалаған My sister's garage дизайнерлік бұйымдар шеберханасы келесі жылдың қаңтарында бес жылдығын тойлайды
© Sputnik / Varvara Gert'e / Медиабанкке өтуТемір ұстасы болу туралы Алена бала кезінен ойлаған. Мектеп кезінде әдемі заттарды жасауға әуес болған. Ал "жүйені бұзу" туралы ойы университеттен кейін пайда болған. "Ұстаның бәрі сақалы бар, күші көп ер адам бола бермейді. Мен де металды жақсы көремін. Маған кім шектеу қояды?", - дейді Алена.
Работа кузнеца в кузнице мастерской дизайнерских изделий My sister's garage в Иванове - Sputnik Қазақстан
2/9
Темір ұстасы болу туралы Алена бала кезінен ойлаған. Мектеп кезінде әдемі заттарды жасауға әуес болған. Ал "жүйені бұзу" туралы ойы университеттен кейін пайда болған. "Ұстаның бәрі сақалы бар, күші көп ер адам бола бермейді. Мен де металды жақсы көремін. Маған кім шектеу қояды?", - дейді Алена.
© Sputnik / Varvara Gert'e / Медиабанкке өтуБастапқыда Алена өзіне жұмыс істейтін орын іздей бастаған. Ең бастысы қажетті құралдарды қайдан аламын деп ойлаған. Содан кейін гараждың бір бұрышын босатып, жұмысқа кіріскен.
Основатель мастерской дизайнерских изделий My sister's garage Алена Киселева в своей кузнице в Иванове - Sputnik Қазақстан
3/9
Бастапқыда Алена өзіне жұмыс істейтін орын іздей бастаған. Ең бастысы қажетті құралдарды қайдан аламын деп ойлаған. Содан кейін гараждың бір бұрышын босатып, жұмысқа кіріскен.
© Sputnik / Varvara Gert'e / Медиабанкке өтуУниверситетті бітірген соң Алена кеңседе инженер болып жұмыс істеген. Ол "қашу жоспарын" жасап, металл шығармашылығы мен сиқырына ене бастайды.
Основатель мастерской дизайнерских изделий My sister's garage Алена Киселева своей кузнице в Иванове - Sputnik Қазақстан
4/9
Университетті бітірген соң Алена кеңседе инженер болып жұмыс істеген. Ол "қашу жоспарын" жасап, металл шығармашылығы мен сиқырына ене бастайды.
© Sputnik / Varvara Gert'e / Медиабанкке өтуАлена өзінің шарқайрақ пен балқытудан қорықпайтынын айтты. Ал металл жайлы сағаттап айта алады. "Кез келген затты істеуге болатын ғажайып материал. Бастысы – жолын табу. Тіпті ескі тат басқан темірді әдемі затқа айналдыруға болады. Сіз оған жаңа өмір сыйлайсыз", дейді.
Готовое изделие в кузнице мастерской дизайнерских изделий My sister's garage в Иванове - Sputnik Қазақстан
5/9
Алена өзінің шарқайрақ пен балқытудан қорықпайтынын айтты. Ал металл жайлы сағаттап айта алады. "Кез келген затты істеуге болатын ғажайып материал. Бастысы – жолын табу. Тіпті ескі тат басқан темірді әдемі затқа айналдыруға болады. Сіз оған жаңа өмір сыйлайсыз", дейді.
© Sputnik / Varvara Gert'e / Медиабанкке өтуMy sister's garage дизайнерлік шеберханасында балқытылған металдан жасалған гүл.
Готовое изделие в кузнице мастерской дизайнерских изделий My sister's garage в Иванове - Sputnik Қазақстан
6/9
My sister's garage дизайнерлік шеберханасында балқытылған металдан жасалған гүл.
© Sputnik / Varvara Gert'e / Медиабанкке өтуТөрт жылдан астам уақыт ішінде Алена шеберханада темірден жүздеген зат жасады, ересектер мен балаларға арналған ондаған шеберлік сабағын өткізді.
Основатель мастерской дизайнерских изделий My sister's garage Алена Киселева в своей кузнице в Иванове - Sputnik Қазақстан
7/9
Төрт жылдан астам уақыт ішінде Алена шеберханада темірден жүздеген зат жасады, ересектер мен балаларға арналған ондаған шеберлік сабағын өткізді.
© Sputnik / Varvara Gert'e / Медиабанкке өтуИвановодағы My sister's garage дизайнерлік бұйымдар шеберханасының ұстаханасында жасалған зат. Ол ежелгі орыс рәсіміне арналған.
Заготовка для древнерусского обряда заковывания сердец в кузнице мастерской дизайнерских изделий My sister's garage в Иванове - Sputnik Қазақстан
8/9
Ивановодағы My sister's garage дизайнерлік бұйымдар шеберханасының ұстаханасында жасалған зат. Ол ежелгі орыс рәсіміне арналған.
© Sputnik / Varvara Gert'e / Медиабанкке өту"Темір ұстасы болу үшін сақалды ер адам болудың қажеті жоқ екенін енді анық білемін. Нәзік қыз да ұста бола алады", - деп жазды Алена Киселева.
Основатель мастерской дизайнерских изделий My sister's garage Алена Киселева в своей кузнице в Иванове - Sputnik Қазақстан
9/9
"Темір ұстасы болу үшін сақалды ер адам болудың қажеті жоқ екенін енді анық білемін. Нәзік қыз да ұста бола алады", - деп жазды Алена Киселева.
Жаңалықтар
0