Қоғам

Нұр-Сұлтан әкімі Жаңа жылды тойлауға қатысты кеңес берді   

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуНовогоднее украшение
Новогоднее украшение - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа жылдық корпаративтер өткізілмейді, сондықтан ұжымдар ғана емес, дәмханалар да осы мәселеге жауапкершілікпен қарауы қажет, дейді  Алтай Көлгінов   

НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Жаңа жылды үйде қарсы алуға кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жаңа жыл – бұл отбасылық мереке. Сондықтан үйде отырып, туған-туыспен бірге атап өткен жөн. Қалада жаппай серуендер болмайды. Әрине, мерекелік көңіл-күй сақталуы керек. Балалар да осы мейрамды асыға күтеді. Сондықтан қала аумағында сырғанақтар болады. Санитар дәрігерлер де таза ауада көбірек жүруге кеңес беріп отыр", - деді Көлгінов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда гипермаркеттер тәулік бойы жұмыс істеуі мүмкін – әкім себебін айтты 

Қала басшысының айтуынша, жаңа жылдық корпаративтер өткізілмейді. Сондықтан ұжымдар ғана емес, дәмханалар да осы мәселеге жауапкершілікпен қарауы қажет. 

"Жаңа жылда корпоративтер өтпеуі тиіс. Осы орайда барлық кәсіпорынға өтініш, корпоратив өткізбеңіздер. Себебі санитарлар оған тыйым салған. Әсіресе, дәмхана мен мейрамханаларға ескерту жасағым келеді. Корпоратив өткізгені үшін жауапкершілік бар", - деп атап өтті Көлгінов.

Осы орайда әкім санитарлық талапты жиі бұзатын дәмханалар мәселесіне тоқталды. Олар айыппұлдың мөлшері аз болғаннан кейін отбасылық жиындарды өткізе береді. Бірақ ауруды жұқтыру қаупін ескермейді. Ондай кәсіпкерлерге бірнеше рет айыппұл салынғаннан кейін қамауға алу сияқты шаралар да қолданылған.  

Жаңалықтар
0