Өңірлер

Бекшин: Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі

© Photo : Служба центральных коммуникацийЖандарбек Бекшин, архивное фото
Жандарбек Бекшин, архивное фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Індетке шалдыққандардың 60%-тен астамы – 20-дан 60 жасқа дейінгі тұрғындар. Көп жағдайда 20-39 жас аралығындағы жастар инфекция жұқтырған

АЛМАТЫ, 9 желтоқсан – Sputnik. Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі. Бұған қаланың қайтадан "сары" аймақа кіруі дәлел бола алады. Бұл туралы Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Алматы қаласы бойынша 9 желтоқсандағы эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Коронавирус инфекциясы басқа жұқпалы аурулар тәрізді дамиды. Соған байланысты 8 желтоқсанда Алматы қайтадан "сары" аймаққа кірді", - деді Бекшин.

Бекшиннің хабарлауынша, қарашада және өткен бір аптада сырқаттанғандардың 60%-тен астамы – 20-дан 60 жасқа дейінгі азаматтар. Көп жағдайда 20-39 жас аралығындағы жастар инфекция жұқтырған.

Осыған байланысты қалада карантин шаралары күшейтіледі

Соның ішінде қоғамдық тамақтану нысандарының, оның ішінде сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан нысандарға сағат 07.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.  Ұжымдық іс-шаралар өткізбей, бас санитар дәрігер қаулысының талаптарын сақтай отырып, отыратын орындар саны 50-ден аспауы тиіс. 

ХҚКО жұмысын ұйымдастыру бойынша: бас санитар дәрігер қаулысы талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, пандемия басталғалы қалада 16 667 адам коронавирус жұқтырды, 1 205 адам пневмонияға шалдықты.

Жаңалықтар
0