Өңірлер

Алматыда жаңа шектеулер енгізіледі

© Photo : Instagram orelireshka_officialЗимние виды Алматы от программы "Орел и Решка"
Зимние виды Алматы от программы Орел и Решка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тапсырмаға сәйкес, жексенбі күндері сауда ойын-сауық орталықтары жабылады. Санитарлық шаралар жүргізіледі

АЛМАТЫ, 9 желтоқсан — Sputnik. Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов Алматыға барып, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев және медицина қызметкерлерімен кездесті. Нақты тапсырмалар берді.

Тоғжанов еңбеккерлер саны 15 және одан да көп ұйым қызметкерлерінің 60-80%-ін қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшіру керектігін айтты. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде қосымша кезекші топтар, қала мектептерінде кезекші сыныптар ашуды тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.

Сауда ойын-сауық орталықтары, сауда нысандары жексенбі күндері жабылады. Санитарлық шаралар жүргізіледі. Сауда нысандарының жұмысы сенбі күні сағат 17.00-ге дейін шектеледі.

Бұдан басқа тағы бірқатар тапсырма берілді:

  • қоғамдық тамақтану нысандарының, оның ішінде сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан нысандарға сағат 19.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.  Ұжымдық іс-шаралар өткізбей, бас санитар дәрігер қаулысының талаптарын сақтай отырып, отыратын орындар саны 50-ден аспауы тиіс;
  • өнеркәсіптік, құрылыс, көлік кәсіпорындарының қызметкерлерін жұмысқа жеткізу және тасымалдау үшін ұйымдарға қызметтік көлікті ұсыну;
  • ХҚКО жұмысын ұйымдастыру бойынша: бас санитар дәрігер қаулысы талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс кестесін белгіленеді;
  • тестілік режимде жұмыс істеу кезінде белгіленген шектеу шараларын сақтай отырып, туризм объектілерінің жұмысын жалғастыру.
Жаңалықтар
0