НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Тыва Республикасының астанасы Қызыл қаласында көшеден үсіп өлген жеті айлық қыздың денесі табылды.
Нәрестенің анасы табылған кезде мас болды, ол баланы аязда қалай тастап кеткенін түсіндіре алмады, деп хабарлады Тыва Республикасы бойынша тергеу комитетінің тергеу басқармасы.
Түркістанда өгей ана үш қызын пышақпен тілгілеп, тістеуікпен азаптаған
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, өлі табылған жеті айлық қыз туралы хабарлама полицияға таңертең түскен. Аталған факті негізінде РФ Қылмыстық кодексінің 105-бабы 2-бөлігінің "в" тармағы (баланы өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жедел қызметкерлер аз уақыт ішінде көз жұмған баланың отбасын анықтады.
"Қыздың ата-анасы ішімдікке салынған, тұрмысы нашар отбасы ретінде тіркелген. 40 жастағы әйел бұған дейін үш баласына қатысты ата-ана құқығынан айырылған. Шұғыл шаралар кезінде ол 2020 жылдың 5 желтоқсанында спирттік ішімдік ішкенін айтты, алайда баланың көшеде қалай қалып қойғанын есіне түсіре алмады", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда бала өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.