Өңірлер

Алматыда қоғамдық денсаулық басқармасына жаңа басшы тағайындалды

© Photo : акимат АлматыНариман Табынбаев
Нариман Табынбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нариман Табынбаев бұл қызметке тағайындалғанға дейін Орталық қалалық клиникалық аурухананың директоры қызметін атқарды

АЛМАТЫ, 8 желтоқсан – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Нариман Табынбаев Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқи отырыңыз: Пандемия басталғалы Атырау облысында бас санитар дәрігер 7 рет ауысты 

Бұған дейін бұл қызметті Қамалжан Надыров атқарды.  Қазан айында оның өз еркімен бұл қызметтен кеткені белгілі болды. Одан кейін Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы қызметін Жанар Мадеева уақытша атқарған болатын.

Табынбаев туралы не білеміз

Нариман Табынбаев 1961 жылы 23 ақпанда туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын, Қазақ инженерлік-техникалық академияны тәмамдаған. Профессор, медицина ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда облысының орталық аудандық ауруханасында балалар хирургі болып бастаған.

  • 1988 жылдан 1994 жыл аралығында эндоскопия бөлімінің меңгерушісі, Қызылордада облыстық аурухананың бас дәрігерінің диагностикалық орталық жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген.
  • 1994-1997 жыл аралығында Алматы облысының Орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болды.
  • 1997 жылдан 2002 жыл аралығында Урология ғылыми орталығында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас дәрігер болып жұмыс істеді.
  • 2008-2014 жыл аралығында Қызылорда қаласындағы облыстық медициналық орталықтың директоры, Урология ғылыми орталығының директоры қызметтерін атқарды.
  • 2014-2015 жылдар аралығында Астана қаласындағы "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.
  • 2015-2018 жыл аралығында Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығының директоры болып жұмыс істеді.
  • 2019 жылдан 2020 жыл аралығында Fox Chase Cancer Center (Philadelphia, АҚШ), University of Minnesota (Minneapolis, АҚШ) тағылымдамадан өтті.

Жаңа қызметіне дейін Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы "Орталық қалалық клиникалық ауруханасы" ШЖҚ МКК директоры қызметін атқарды.

Жаңалықтар
0