НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Дмитрий Козак Нұр-Сұлтанға жұмыс сапары барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Ресей Федерациясының елшілігі хабарлады.
Оқи отырыңыз: Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
"Келіссөздер барысында тараптар Ресей-Қазақстан одақтастық қатынастарының қазіргі жағдайы, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары және ҰҚШҰ, ЕАЭО, ТМД, ШЫҰ шеңберіндегі интеграциялық байланыстарды нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты", - деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, премьер-министр Асқар Маминмен, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошановпен кездесу өтті.