Елорда тынысы

Елордада карантин тәртібін бұзғандар 175 миллион теңге айыппұл төледі

© Sputnik / Абзал КалиевВ Нур-Султане после ослабления карантина открылись кафе
В Нур-Султане  после ослабления карантина открылись кафе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтан қаласының аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына карантинді бұзған адамдарға қатысты 2176 материал келіп түскен

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтанда карантин тәртібін бұзғандар 175 миллион теңгеден астам айыппұл төледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мобильді топтар карантин тәртібін сақтау бойынша рейдтерді жалғастырып жатыр. Полиция қызметкерлері, аудан әкімдіктері өкілдері, еріктілер сауда орталықтарын, дәмханалар мен мейрамханаларды тексереді.

Сонымен, 30 қарашада сағат 00.54-те кестеге бағынбай жұмыс істейтін "Пират" сыра бары анықталды. Сол күні сағат 00:10-да тексерушілер қалалық сауналардың бірінде заң бұзушылықтарды анықтады.

Меншік иелеріне қатысты жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді.

Оқи отырыңыз: Министр Қазақстанда қатаң карантин қашан енгізілуі мүмкін екенін айтты 

Барлығы 28 қарашадағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласының аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына карантинді бұзған адамдарға қатысты аудандық полиция басқармаларынан 2176 материал келіп түскен. Санитарлық нормаларды бұзғаны үшін 1111 жеке және заңды тұлға жалпы сомасы 219 487 554 теңгені құрайтын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінгі таңда жалпы сомасы 175 316 635 теңгеге 884 әкімшілік айыппұл төленді.

Жаңалықтар
0