НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша— Sputnik. Қостанайлық полицейлер өз-өзіне қол салмақ болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды өңірлік полиция департаменті.
Қостанай тұрғыны тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Ол қалаға жақын маңдағы Тобыл ауылында қызы гаражды ішінен жауып алып, өзіне қол жұмсамақ ниетте екенін хабарлайды.
Бірнеше минуттан кейін әйел айтқан мекенжайға полиция лейтенанты Амангелді Сыздықов пен Мүслім Исабаев келеді.
Олар гараж ішінен көлік қозғалтқышының дыбысын естиді, ал терезеден көлік ішінде отырған қызды көреді.
Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстанда 15 жасар қыз неге күйеуге шыққаны белгілі болды
Полицейлер гараж ішіне кірудің басқа жолы болмағандықтан терезені бұзып кіреді. Олар қызды таза ауаға алып шығады. Осы уақытта анасы да келіп жетеді.
Кейін белгілі болғандай, әйел қызымен ұрсып қалған, сондықтан бойжеткен өзіне қол салмақшы болады. Полицейлер олармен профилактикалық әңгіме өткізіп, екеуін үйге жеткізіп тастайды.