Өңірлер

Батыс Қазақстанда 15 жасар қыз неге күйеуге шыққаны белгілі болды

CC0 / / Фата, свадебные туфли
Фата, свадебные туфли - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қалыңдық қара түсті паранжа киіп, бетін бүркемелеп, туған-туыстарымен байланысты үзуге тырысқан

НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша — Sputnik. Батыс Қазақстан облысында ер адам 15 жасар қызға үйленді. Неке ресми түрде тіркелмеген.

Бұған дейін, 16 қыркүйекте, Бөрлі ауданында жасөспірім жоғалғаны туралы хабарланған болатын. Бойжеткен Орал қаласынан табылды.

"Мән-жайды анықтау кезінде ол шариат заңымен тұрмысқа шыққаны белгілі болды. Күйеуі дәстүрлі емес дін ағымын ұстанады деген болжам жасалып отыр. Имамдар, мешіт өкілдері мен қыздың туыстары неке қиылған кезде болмаған", - деп хабарлады аудандық полиция бөлімі. 

Қалыңдық қара түсті паранжа киіп, бетін бүркемелеп, туған-туыстарымен байланысты үзуге тырысқан. 

Ер адам "некені" жамылып 2005 жылы туған қызбен жыныстық қатынасқа түскен, деді полицияда.

"Оның мұндай әрекеті Қылмыстық кодекстің 122-бабының 1-бөлігіне сәйкес қарастырылатын болады  (Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу)", - делінген хабарламада.

Кінәлі деп табылса, бес жылға дейін бас бостандығы шектеліп немесе осы мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0