НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус індетін жұқтырған 826 науқас тіркелді, деп хабарлады COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Маңғыстау облысында 27 қарашада бірде-бір адамнан вирус табылмады.
Өңірлер бойынша мәлімет:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 73,
- Алматы қаласы – 84,
- Шымкент қаласы – 6,
- Ақмола облысы – 74,
- Ақтөбе облысы – 6,
- Алматы облысы – 23,
- Атырау облысы – 15,
- Шығыс Қазақстан облысы – 145,
- Жамбыл облысы – 15,
- Батыс Қазақстан облысы – 43,
- Қарағанды облысы – 22,
- Қостанай облысы – 77,
- Маңғыстау облысы – 3,
- Павлодар облысы – 117,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 119,
- Түркістан облысы – 4.
Өткен тәулікте коронавирус індетінен 7 адам көз жұмды, 660 науқас емделіп шықты. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 130 039.
Оқи отырыңыз: Министр Қазақстанда қатаң карантин қашан енгізілуі мүмкін екенін айтты
184 адамға пневмония диагнозы қойылды, одан бір адам көз жұмды. 60 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бастап коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониямен 41 940 адам ауырып, 440-ы қайтыс болды, ал жазылып шыққандардың саны 30 422 жетті.