Қоғам

QazCoVac-P деп аталатын қазақстандық вакцина адамдарға сыналады

© AFP 2024 / KOEN VAN WEELСотрудник лаборатории готовит материалы для исследования по разработке вакцины от коронавируса
Сотрудник лаборатории готовит материалы для исследования по разработке вакцины от коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тышқандар, егеуқұйрық және теңіз шошқаларына егілген препараттың уыттылығы, аллергиялық, тітіркендіргіш әсерлері толық зерттелген   

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. Коронавирус инфекциясына қарсы тағы бір қазақстандық вакцина клиникаға дейінгі зерттеулерден өтті, деп хабарлады "Хабар 24".

QazCoVac-P атауын алған вакцина келесі кезеңде ерікті адамдарға егіліп, сынама жүргізіледі. Қазақстанның биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми зерттеу институтында жасалған вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген.

Оқи отырыңыз: Төрт ай бұрын коронавирусқа қарсы екпе салдырған қазақстандық сұқбат берді 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекциясына қарсы қазақстандық 4 вакцинаны тіркеді. Олар әзірге жалпы қолданысқа үміткерлер қатарында. Вакцинаның екеуін Қазақстанның биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми зерттеу институты жасап шығарған. Инактивті иммунды-биологиялық топқа жататын алғашқы вакцина қазіргі уақытта ерікті адамдарға егіліп, әсерлері зерттеліп жатыр. Енді міне, тағы бір вакцина клиникалық жағдайда сынамадан өтуге дайын. Клиникаға дейінгі зерттеулер барысында ең бірінші кезекте қауіпсіздігі сыналады. Содан кейін ғана келесі кезең – ерікті адамдарға егуге нұсқаулық беріледі.

QazCoVac-P деп аталған жаңа вакцина суббірлікті препараттар тобына жатады. Мұның ерекшелігі – құрамында ауруды қоздырғыштар жоқ. Бұл оның қауіпсіздігін арттырады. Сүттің қоюлығындай вакцина ағзаға бұлшықет арқылы енгізіледі.

"Клиникаға дейінгі зерттеулер барысында біз әртүрлі дозаларды жануарларға енгіздік. Салғаннан кейін ол жануарлардың белсенділігін қараймыз, көңіл күйі, тамақ ішуі, су ішуі оның бәрі тексеріледі. Салмағын өлшеп тұрамыз", - дейді фармакологиялық сынақтар зертханасының І санатты мамамны Әнсая Ноғайбаева.

Зертхана мамандары вакцинаны бір жарым ай бойы түрлі көрсеткіштер бойынша сынамадан өткізген. Тышқандар, егеуқұйрық және теңіз шошқаларына егілген препараттың уыттылығы, аллергиялық, тітіркендіргіш әсерлері толық зерттелген.  

"Жануарлардан қан сынамалары, оның ішінде гемотологиялық, биохимиялық қан сынамалары алынды. Осы барлық сынақтың нәтижелерін қорытындылай келе, COVID-19 вирусына қарсы вакцинаны адамдарға қолдану қауіпсіз деген қорытындыға келіп, ары қарай клиникалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады", - деп түсіндірді Ноғайбаева.

Мамандар зерттеу барысында ешқандай жануарда ауытқу, өлім тіркелмегенін айтады. Зерттеулер нәтижесі бойынша жасалған қорытынды негізінде Денсаулық сақтау министрлігінің шешімімен вакцинаға клиникалық жағдайда сынама жүргізіледі.

Жаңалықтар
0