Қоғам

Төрт ай бұрын коронавирусқа қарсы екпе салдырған қазақстандық сұқбат берді

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуВакцинация добровольцев против COVID-19 в Москве
Вакцинация добровольцев против COVID-19 в Москве - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық вирусолог вакцинаны алғашқылардың бірі болып сынап көрді. Әзірге кері әсері байқалмағанын айтып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша — Sputnik. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің халықаралық вакцинология орталығы директоры Қайсар Табынов коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқылардың бірі болып салғызды. Ол төрт айдан соң жағдайы мен антидене деңгейі туралы  Sputnik Қазақстанға айтып берді. 

"Мен екі ай бойы антиденелерді тексеріп отырдым. Одан кейін тексермедім. Қазіргі уақытта жағдайымды зерттеп жатырмын. Соңғы рет тексергенде 12 логарифм болды немесе титр 1:4000. Вакцина салғызғаннан кейін екі айдан соң айтарлықтай титрлар байқалды", - деді Табынов.

Алайда оның айтуынша, бұл қоршау көрсеткіші емес. 

"Вакцина қорғап-қорғамайтынын білу үшін мен адамдар коронавируспен ауырып жатқан госпитальге баруым керек екенін айту керек. Сол ортада болғанда ғана вакцинаның нақты күші байқалады", - деді вирусолог.

Табынов ақпан айында Еуропаға барып, коронавирус жұқтырған ғалымды мысалға келтірді. Ол антиденелерді тексеріп отырған.

"Бірақ ол 5 айдан соң коронавирустың мутацияға ұшыраған түріне қайта шалдықты. Сол кезде стационарда болып, қорғаныш киімінсіз ковид жұқтырған науқастарға көмектескен. Ол вирустың әжептәуір дозасын жұқтырды", - деді Табынов.

Сондықтан ғалым екпе салынса да, қорғаныс құралдарын қолдануға бей-жай қарауға болмайтынын жеткізді.

Жаңалықтар
0