Қоғам

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан он адам қайтыс болды

© Sputnik / Алексей Майшев / Медиабанкке өтуБольница
Больница - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пандемия басталғалы республика бойынша 129 213 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 2 013  адам қайтыс болды

АЛМАТЫ, 27 қараша – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан он адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Коронавирус инфекциясынан бес адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан бес науқас қайтыс болды.

Қазір коронавирус инфекциясынан 11 816 адам ем қабылдап жатыр, оның арасында 781 бала бар.

Стационарларда 3 276 науқас жатыр. 8 540 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 208 адамның жағдайы ауыр, ішінде 31 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 30 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар организмдегі коронавирусты 5 минуттың ішінде өлтіретін өнімді атады

Сонымен қатар бір тәулікте 813 адам инфекция жұқтырды, 161 адам пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы 129 213 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 2 013  адам қайтыс болды.

Бірінші тамыздан бастап 41 756 адам пневмонияға шалдықты, 439 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0