НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Неміс ғалымдары өсімдіктерге зерттеу жүргізіп, адам ағзасындағы коронавирустың белсенділігін әлсірететін өнімді анықтады.
Ульм университеті медицина орталығы молекулярлы вирусология институты мамандарының зерттеу нәтижесі bioRxiv журналында жарияланды, деп хабарлайды "Мир 24".
Ғалымдар бөлме температурасында табиғи өнімдерді вирустармен араластырып, біраз уақыттан соң, COVID-19-дың өзін қалай ұстайтынын зерделеген.
Осылайша қара жемісті шетеннің шырыны небәрі 5 минуттың ішінде организмдегі коронавирусты 97%-ке дейін жоятыны анықталды. Анар шырынының да вирусқа қарсы әсері күшті болып шықты. Анар шырынымен тамақты шая отырып, COVID-19 патогендерінің 80%-не дейін өлтіруге болады.
Тағы оқыңыз: Коронавируспен ауырмаған адамдардан антидене анықталды – ғалымдар себебін айтты
Ғалымдар коронавирус инфекциясын басқа да табиғи шырындар, сондай-ақ, көк шәй әжептәуір әлсірететінін мәлімдеді.
Сарапшылардың пайымынша, мұндай әсер қауіпті вирусты жоюға қабілетті қышқыл ортамен және өсімдік полифенолдарымен байланысты.