Әлем

АҚШ Ашық аспан келісіміне қайта орала ма

© Sputnik / Evgeny Odinokov / Медиабанкке өтуКөксеңгір аспанда ұшып бара жатқан ұшақ
Көксеңгір аспанда ұшып бара жатқан ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ "Ашық аспан" келісімінен (ААК) шығу туралы хабарланған күннен бері алты айлық мерзім аяқталды. Вашингтон енді "Ресей жылдар бойы ашық түрде қағидаларын бұзып келген" келісімге қатыспайды

Трамп әкімшілігі "қарсыластарға ұлттық қауіпсіздік құнымен басымдық беріп келген" ескірген келісімдерден елді шығарып отыр деп санайды. Енді Мәскеу келісімге мүше басқа мемлекеттерден міндеттемелерді орындау кепілдігін талап етуге бекініп отыр. Байденнің командасы Америка аспанын қайта ашады деген үміттің жүзеге асуы қаншалықты ақиқатқа айналатынына қатысты РИА Новости арнайы мақала жариялады.

Флаг Евросоюза - Sputnik Қазақстан
Әлем
Келешекте АҚШ пен Еуропаның арақатынасы қалай дамуы мүмкін
Ақ үйдің Мәскеуге айтқан басты наразылықтарының бірі Оңтүстік Осетия, Абхазия, Шешенстан және Калининград секілді аудандарда инспекциялық ұшуларды орындауға тыйым салуына қатысты болды. Америкалықтар бұған жауап ретінде Аляска мен Тынық ауданындағы аралдардың аспанын жауып тастады.

2002 жылғы келісімшартқа сәйкес, 35 ел бір-бірінің аумағында барлау мақсатындағы ұшуларды орындай алады. Алынған мәліметтер барлығы үшін қолжетімді. Бұл ұшуларды орындау кезінде ұшақтарда қару болмайды, видео түсіретін аппарат алдын ала тексеріледі, ал әуе кемесінің бортында инспекция жүргізілетін елдің өкілі болады.

2019 жылы ААК аясында 1,5 мыңнан астам осындай ұшулар орындалды. Бірақ бақылау мен елдер арасындағы сенімді нығайту жалғыз мақсат емес. Мұнда саяси нышан да бар. Мысалы, Донбастағы қақтығыстан кейін АҚШ Украинаның шығыс бөлігінде ұшулар орындап, Киевке қолдау білдірді.

Кремль бұл келісімді өзара сенім мен қару-жарақты бақылаудың өте маңызды факторы деп санайды. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ-тың келісімнен шығуы оны "өмір сүруге қабілетсіз" еткенімен, Мәскеу бірнеше талаптар бойынша құжат ережелерін сақтайтынын мәлімдеді.

Біріншісі – Еуропа елдері өз ұшуларының мәліметтерін АҚШ-қа жолдамайтынына кепілдік береді. Екіншісі – ресейлік ұшақтар Еуропадағы америкалық нысандарға инспекция жүргізе алады. Әзірше ешбір мемлекет кепілдік ұсынған жоқ. Бұл Мәскеудің титығына тиіп жатқаны анық.

АҚШ-тың ААК-тан шығуы Вашингтонның Еуропадағы одақтастарына соққы болып жатыр. Америкалық ұшақтар жинақтаған мәлімет олар үшін маңызды. Еуропа елдерінің бірқатары Вашингтонның бұл шешіміне қатысты өкініш білдірді.

"Ресей тарапынан ережелерді сақтау бойынша бірқатар қиындықтар туындағанын түсінеміз. Бірақ бұл келісімнен шығуға себеп емес секілді", – деді Германия СІМ басшысы Хайко Маас.

Францияның сыртқы саяси ведомствосында АҚШ Мәскеудің келісімді бұзғаны туралы дәлелдер келтірмегеніне назар аударды. Испания, Бельгия, Финляндия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Чехия және Швецияның бірлескен мәлімдемесінде ААК "жұмыс жасайтын және пайдалы" құжат түрінде қалатынын атап өтті.

Американское посольство в Москве - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ресей елшісі АҚШ-тың Еуропадағы зымырандарға қатысты мәлімдемесіне жауап берді
Штаттард бұл мәселеде бірауызды пікір жоқ. Мысалы, сенаттың халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінің мүшесі Роберт Менендес Ақ үйдің іс-әрекетін былай бағалайды: "Президент Трамп заңды ашықтан-ашық елеместен, президенттік сайлауда жеңіліп қалғаннан кейін де саяси себептермен біржақты тәртіпте келісімге мүшеліктен шығып кетті".

Дональд Трамп президент болған төрт жыл ішінде бүкіл әлем оның қару-жарақты бақылауға еш құлқы жоқ екенін түсінді. 2018 жылы Америка көшбасшысы 2015 жылғы Бірлескен жалпыға ортақ іс-қимыл жоспары – Иранның ядролық келісімінен шығатынын мәлімдеді. Бұл жолы Тегеран келісім қағидаларын сақтамайды деген себепті желеу етті.

Бір жылдан кейін Рональд Рейган мен Михаил Горбачев қол қойған орташа және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандар туралы келісімшарт та дәл осындай күй кешті.

2020 жылы әкімшіліктегі ақпарат көздері ядролық сынақтар мәселесі Ақ үйде 1992 жылдан бері алғаш рет талқыланғанын хабарлады. Мұнымен АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания және Францияға қатысты мораторийді бұзған болар еді.

2010 жылғы Шабуылдық стратегиялық қаруландыру (ШСҚ-3) туралы келісімшарт тағдыры да белгісіз. Келіссөздердің екінші кезеңі қыркүйекте аяқталды. АҚШ Ресейге бірқатар талап қойды. Оның ішінде келісімге Қытайды қосу бар. Ақпан айында аяқталатын ШСҚ-3 құжатын әрі қарай созу екіталай көрінеді.

Кейбір сарапшылар Байденнің Ашық аспан жөніндегі келісімге қайта оралғаны дұрыс деп санайды. Бірақ ЖЭМ ҰЗУ Еуропалық және халықаралық кешенді зерттеулер орталығы директорының орынбасары Дмитрий Суслов мұның орындалуының ықтималдылығы төмен екенін айтады.

"АҚШ соңғы онжылдықта қару-жараққа бақылау жүргізу жөніндегі өзі шыққан келісімге қайтадан мүше болмайды. Бұл бір дәстүр секілді қалыптасып үлгерді, – деді Дмитрий Суслов. – Оның үстіне, ААК бойынша Ресейге наразылықтар көп жыл бұрын, Обама президент болған кезде туындаған еді. Ақ үй, Пентагон және барлау қауымдастығы арасында Мәскеу құжат талаптарын бұзып жатқаны және оны сақтамайтыны туралы консенсус бар".

Әлем
Қытай АҚШ-тың ұлттық қарызын сатуға дайын
Сарапшының айтуынша, келісімге қайта оралу конгрестің жоғарғы палатасымен шешімді ратификациялауды талап етеді. Ол республикашылдардың бақылауында қалуы ықтималдығы жаңа проблемалар туындатуы мүмкін.

Байден алдыңғы президенттің шешімін өзгерткісі келсе де. Бұл уақытты қажет етеді.

"Оның үстіне қазір Трамп қосымша кедергілер туындатып жатыр. Көп уақыт бойы конгресс республикашылдардың әрекетіне байланысты ұшақтарды модернизациялауға қаражат бөлген жоқ. Бұл ААК-ты құлдыратуға бағытталған болатын. Бақылауға қабілетті ұшақтар болмаса, құжатқа қайта оралу мүмкін емес", – дейді басымдықтарды басқару шешімдері орталығының бас сарапшысы Олег Шакиров.  

Шакировтың пікірінше, Байденнің креслосына кім отыратынын да ескеру керек. Себебі, сыртқы саясат бойынша бұрынғы кеңесші Майкл Карпентер АҚШ-тың ашық аспан келісіміне мүше болуына қарсылық білдірген. Еуропамен сенімді қарым-қатынасты қалпына келтіру Байденнің басты ұстанымы болғандықтан, АҚШ ААК-ке бірден болмаса да, одақтастары үшін біршама уақыттан кейін қайта оралуы да әбден мүмкін.

Жаңалықтар
0