Қоғам

Индустрия министрі 5 жылда Қазақстанда қанша тұрғын үй салынатынын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневВ Нур-Султане 11 мая сняли режим ЧП
В Нур-Султане 11 мая сняли режим ЧП - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бейбіт Атамқұлов пандемияға қарамастан жыл басынан бері өнеркәсіп саласы 3,2 пайызға өскенін атап өтті. Айтуынша, 2025 жылға дейін барлығы 103 миллион шаршы метр баспана салынады

АЛМАТЫ, 26 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Министр 2020 жылдың 10 айында жүзеге асырылған мемлекеттік бағдарламалардың қорытындысы мен министрліктің басым бағыттары жайында есеп берді. Сондай-ақ, 2020-2025 жылдарға арналған индустриаландыру бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Кездесу барысында Бейбіт Атамқұлов пандемияға қарамастан жыл басынан бері өнеркәсіп саласы 3,2 пайызға өскенін айтты. Сонымен қатар жыл соңына дейін инвестиция көлемі 995 миллиард теңгені құрайтын 200 жоба іске асады.

"Министр жыл басынан бері "Нұрлы жол" бағдарламасының шеңберінде жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырым автомобиль жолы пайдалануға берілгенін атап өтті. Еларалық жүк тасымалы да өскен. Атап айтқанда, Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы тасымал 61,6 пайызға артқан", - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 14,1 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Министрдің айтуынша, жыл соңына дейін аталған көрсеткішті 15 миллион шаршы метрге жеткізу көзделіп отыр. Ал 2025 жылға дейін барлығы 103 миллион шаршы метр баспана салынады.

Оқи отырыңыз: "Әйелдер ипотекасына" қатысты тың ақпарат шықты 

Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбіт Атамқұловқа жергілікті жерлердегі жолдарды жөндеу, арендалық баспана құрылысын арттыру, сондай-ақ, ведомствоның негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

Жаңалықтар
0