АЛМАТЫ, 25 қараша – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Коронавирус инфекциясынан бес адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан төрт адам қайтыс болды.
Қазір коронавирус инфекциясынан 11 232 адам ем қабылдап жатыр, оның арасында 672 бала бар.
Стационарларда 3 200 науқас жатыр. 8 032 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 203 адамның жағдайы ауыр, ішінде 28 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 30 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирусқа қарсы иммунитет қанша уақыт сақталатынын анықтады
Сонымен қатар бір тәулікте 720 адам инфекция жұқтырды, 204 адам пневмонияға шалдықты.
Пандемия басталғалы 127 580 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 2 001 адам қайтыс болды.
Бірінші тамыздан бастап 41 427 адам пневмонияға шалдықты, 432 адам қайтыс болды.