Қоғам

Сарапшылар Қазақстандағы сұранысқа ие мамандықтарды атады

© Sputnik / Владислав ВодневТрудовая книжка, архивное фото
Трудовая книжка, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда пандемияға байланысты инфекция қаупі жоғары салаларда жұмыс орындарының жабылуы жиілеген

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда білікті қызметкерлерге деген сұраныс ұсыныстан 54%-ке асып түскен, деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары.

Электронды еңбек биржасында білікті жұмысшыларға арналған 176 мың бос жұмыс орны орналастырылды – бұл екінші тоқсанмен салыстырғанда 19,1 мыңға, ал бірінші тоқсанмен салыстырғанда 49 мыңға көп. Сол кезеңде өтініш берушілер 123,1 мың түйіндемені орналастырған болатын.

Соңғы 12 айды қорытындылағанда қыркүйек айында жұмысшылардың ең көп түйіндемелері орналастырылған. Атап айтқанда 47,3 мың.

"Бұл жанама түрде елдегі экономикалық жағдайдың нашарлағанын көрсетеді. Сонымен қатар, 2020 жылдың 9 айында жарияланған бос жұмыс орындарының саны түйіндемелер санынан 53,8% артық. Яғни, жұмыс күшіне деген сұраныс ұсыныстан едәуір асып түседі", – дейді сарапшылар.

Бос жұмыс орындарының көпшілігі Нұр-Сұлтан (23,2 мың) мен Алматыда (19,3 мың).

Алматыдағы ең тапшы мамандықтар:

  • күзетші;
  • әлеуметтік қызметкер;
  • дәнекерлеуші;
  • сатушы-кассир;
  • ағаш ұстасы;
  • сарапшы.

"Сондай-ақ, Алматыда бос жұмыс орындарының саны жарияланған түйіндемелерден 3 есе көп болды. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша белсенді әрекеттің нәтижесі болса керек, өйткені Алматыда жарияланған 100 бос жұмыс орынына 34 түйіндемеден тең келген. Бұл елдегі ең жақсы көрсеткіштердің бірі", – дейді мамандар.

Пандемияның еңбек нарығына әсері

Пандемия қаупі жоғары салаларда жұмыс орындарының жабылуы байқалды. Мұндай жағдайда персонал басқа салаларға бағытталуы керек.

"Біздің елімізде практикалық кәсіптік бағдарлау мен қайта даярлаудың рөлі өзекті әрі зор маңызға ие болып отыр", – дейді сарапшылар.

Оқи отырыңыз: Елімізде 400 мың жұмыс орны құрылса, 300 мыңы жабылып жатады – министр

Айта кетейік, өткен жылдың үшінші тоқсанында қызмет көрсету және сату саласында кәсіби мамандар мен жұмысшылар ең көп сұранысқа ие болса, 2020 жылы өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа да салалас кәсіптегі жұмысшыларға ең көп бос жұмыс орындары ұсынылады.

Жаңалықтар
0