Қоғам

Нұр-Сұлтанда және алты облыста дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Владислав ВодневВиды города Нур-Султан
Виды города Нур-Султан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, қар жауады, сондай-ақ жел күшейеді деп болжап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Қазақстан аумағының солтүстік бөлігі бұрынғыша антициклонның ықпалында қалып, ауа райы жауын-шашынсыз болады, ал республиканың қалған бөлігінің кей жерлерінде қар жауады, батыста, оңтүстік-батыста қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын түседі.

Синоптиктердің болжауынша, 23 қарашада ел аумағының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, оңтүстікте жаяу бұрқасын соғады.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп болжанып отыр.

Оқи отырыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады 

Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл аумағында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде көктайғақ болады, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында тұман түсуі мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Дабылды ескерту

23 қарашада Ақмола облысы мен Көкшетауда тұман түседі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%.

Батыс Қазақстан облысында да тұман түседі. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%.

Маңғыстау облысында қар жауып, көктайғақ болады деп болжанып отыр. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%.  

Түркістан облысында, Шымкентте және Түркістанда тұман түседі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы –90-95%.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%. 

Жамбыл облысында тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Дабылды ескертудің ықтималдылығы –90-95%.

Мегаполистердегі ауа-райы

23 қарашада Нұр-Сұлтанда ауа райы бұлыңғыр. Секундына 3-5 метр жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде 11-12 градус, күндіз 7-9 градус нөлден төмен.

Сондай-ақ елордада тұманға байланысты дабылды ескерту жарияланды. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%.

23 қарашада Алматыда көшпелі бұлт шығады, аздаған қар жауады. Секундына 1-3 метр жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде – 9-10 градус, күндіз – 3-4 градус.

23 қарашада Шымкентте ауа райы ашық болады деп болжанып отыр. Жел секундына 2-5 метр жылдамдықпен соғады. Температура түнде -8-9 градус, күндіз -2-ден +1 градусқа дейін.  

Жаңалықтар
0