07:40 28 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD423.87
  • EUR505.25
  • RUB5.59
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
15675 0 0

Алдағы қыс өткен жылғыдай болады деп болжанып отыр, жылы және жауын-шашын көп түседі, дейді мамандар

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Қазгидромет 2020 жылдың қарашасы мен 2021 жылдың наурызы аралығындағы ауа райы болжамын жариялады.

Қарашаға ауа-райы болжамы

Болжамға сәйкес, келесі айдың бірінші жартысында республиканың солтүстік бөлігінде, шығысында және орталығында қыстағыдай ауа райы болады.

"Жауын-шашын, көбінесе қар, қарлы боран, сондай-ақ көктайғақ пен тұман жиі түседі. Айдың бірінші жартысында ең суық күндерде термометр бағанасы түнде -10-23°C, күндіз -2-10°C дейін төмендейді. Суық ауа массалары жылыға ауысқанда термометрлердің бағаналары +5+12°С белгісіне жетеді", - дейді синоптиктер.

Ал еліміздің оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, жабысқақ қар) айдың екінші жартысында күтіліп отыр. Таулы жерлерде ертерек түсуі мүмкін. Температура түнде -5-12°С, күндіз -1+5°С дейін төмендейді.

"Бір ай бойы, көбінесе, солтүстік өңірлерде жылы күндер аязды күндермен алмасып тұрады. Осылайша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы норма шамасында, мәселен, солтүстік-батыста – нормадан 1°С жоғары, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында нормадан 1°С төмен болады деп болжанып отыр", - деді мамандар.

Биыл қыс қандай болады

Алдағы қыс өткен жылғы қысқа ұқсас болады деген болжам бар. Ауа-райы жылы және жауын-шашын көп түседі.

"Өткен жылдың қысында Қазақстан аумағына Атлантика аудандарынан жылы және ылғалды ауа массалары келген. Сол себепті республиканың басым бөлігінде мол жауын-шашын жауады. Алдағы қыста Қазақстан аумағы бойынша температуралық фон климаттық нормадан 1-2°С жоғары, тек еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтарының таулы және тау бөктерлі аудандарында норма шамасында күтілуде", - дейді синоптиктер.

Желтоқсан мен қаңтар айларында еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады, тек батыста аз түседі. Ал ақпан айында жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде нормадан көп, ал оңтүстік-батыс жартысында норма шамасында болады.

Наурызда ауа райы қандай болады

Мамандардың айтуынша, келесі жылы көктемнің басы, атап айтқанда, наурыз айы жылы және жауын-шашының мөлшері аз болады. Қазіргі болжам бойынша Қазақстан аумағының басым бөлігінде орташа ауа температурасы нормадан 1-2°С жоғары көтеріледі.

"Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нормаға жуық болжанады. Жауын-шашын мөлшері басым бөлігінде нормадан аз, қиыр солтүстікте және Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының оңтүстік-шығыс бөлігінде норма шамасында, Шығыс Қазақстан обласының тауларда нормадан көп күтілуде", - деп атап көрсетті синоптиктер.

Кілт сөздер:
ауа райы, қыс
Загрузка...

Басты тақырып