Әлем

Қарабақ мәселесі қалай өрбіп жатыр

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуВооруженные мужчины в селе Чанахчи в Нагорном Карабахе
Вооруженные мужчины в селе Чанахчи в Нагорном Карабахе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркияның ұлы ұлттық жиынының бас ассамблеясының Әзербайжан аумағына бір жылға түрік әскерилерін енгізу туралы шешіміне қатысты түрлі пікір қалыптасты

Миссияның аясы мен санын Түркия президентінің әкімшілігі анықтайды. Бұл шешім саяси мәселеде өңірлік ауытқуды үдетуі ықтимал..

Ресей президенті Владимир Путин мен түрік көшбасшысы Реджеп Тайып Эрдоған Қарабақтағы әскер мәселесін сөз еткен болатын. Бірақ, стратегиялық шешімдер қабылданып қойғаны анық. Мұнда геоаяси астар жатыр.

Мысалы, 2015 жылы Дамаск өтініші бойынша Ресей Сирияға шектеулі әскери контингентті енгізіп, нәтижесінде аталған мемлекеттегі қос тұрақты әскери базаға қол жеткізді. Анкараны бұл қуанта қоймады.

 Президенты России Владимир Путин и Казахстана Касым-Жомарт Токаев во время осмотра выставки Высокие технологии: возможности регионов России и Казахстана в рамках XVI Форума межрегионального сотрудничества России и Казахстана - Sputnik Қазақстан
Саясат
Тоқаев пен Путин Таулы Қарабақта қалыптасқан жағдайды талқылады

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев 10 қарашадан кейін орайы түскен сәтте Түркия Қарабақтағы операцияларға Ресеймен бірлесе қатысатынын айтудан жалығар емес. Себебі, 10 қарашадағы үшжақты келісімшартпен көзге аса түспегенімен, "жаңа әлемнің" қауіпті қағидаларын қамтитын мәселелер қарастырылған.

Түйісу орны (бұрынғы соғыс нүктесі) мен бақылаудың ішкі екі аумағы (армян халқы бар) Таулы Қарабақта бар, ал, жергілікті аумақтағы және картадағы сыртқы қауіпсіздік аумағы әлі белгісіз.

О баста үшжақты келісімшартпен оқ атуды тоқтатудың екі константасы анықталған. Олар: Таулы Қарабақтағы РФ бітімгершілік операциясы және ресей-түркиялық бірлескен бақылау орталығы. Олардың арасындағы өзара әрекеттестік болғанымен, ықпалдасу жоққа шығарылады. Бұған дейін Қарабақ бойынша түрік бақылаушыларының мобильділігі шектеулі болады деп хабарланды.

Ақпарат жинақтау ұшқышсыз ұшу аппараттарына жүктеледі деп жоспарланған. Алайда, түйісу нүктесінен тыс, әзербайжан халқы көп шоғырланған аудандарда Бакудың бақылау тетігі басымырақ. Ал, Әзербайжан аумағында ресейлік-түркиялық бірлескен орталықтың орналасу орны әлі белгісіз. Сол себепті, аталған орталық тараптардың бөліну нүктесіне жақын маңда орын тебеді деп болжау ақылға қонымды. Бұл жағдайды тұрақты бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.

Вооруженный мужчина в селе Чанахчи в Нагорном Карабахе - Sputnik Қазақстан
Әлем
Қарабақта бейбітшілік орнату туралы мәлімдемеге қол қойылды

Әзербайжан - егеменді ел. Сондықтан, Бакудегі әскери-саяси басшылық РФ сыртқы істер министрлігінің Ресейдің бітімгершілік операциясының айрықшалығы мен оны қайталаудың мүмкін еместігі туралы тұрақты ескертулерін қалыпты жұмыс процесі ретінде қабылдайтын болар. 

Бітімгершілік операциялары әдетте ондаған жылдарға созылуы мүмкін. РФ СІМ атап өткендей, Таулы Қарабақ мәртебесін анықтаудың болжамды мерзімі де жоқ. Өңірдегі жағдай күрделі қалыпта сақталып отыр. Ильхам Әлиев "Ресей мен Түркия әзербайжан мен армян халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін операцияларға қатысатынын" мәлімдеген болатын.

Осы уақытта Бакуде шейіттер аллеясында арандатушылық митинг өтіп, Таулы Қарабақ аумағынан ресейлік бітімгерлерді шығару туралы талап қойылды. Бұл осы қақтығыстың түрлі сарында бағыт алуын айқындап отыр.

Осы әрекет Әзербайжан парламентінде талқыланып, оны құптағандар табылмады. Бірақ, үшжақты келісім уақыт сынынан әлі өте қойған жоқ. Әлемде тұрақсыздық орнаған.

Жаңалықтар
0