Әлем

Қарабақта бейбітшілік орнату туралы мәлімдемеге қол қойылды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуВооруженный мужчина в селе Чанахчи в Нагорном Карабахе
Вооруженный мужчина в селе Чанахчи в Нагорном Карабахе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Таулы Қарабақ қақтығысы аймағындағы атыс пен барлық әскери қимыл толығымен тоқтатылды. Ресей мен Түркия бітімгерлері Қарабақта болады

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Ресей, Әзербайжан және Армения басшылары Қарабақтағы әскери қимылдарды тоқтату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды, деп хабарлады РИА Новости.

РФ президентінің айтуынша, Таулы Қарабақтағы атыс 10 қарашадан бастап толығымен тоқтатылады, Әзербайжан мен Армения өздері иеленген шепте тоқтайды, сонымен қатар әскери тұтқындарды алмасуы тиіс. Сондай-ақ Қарабақта Ресей бітімгершілік күштері орналастырылады.    

Пашинян: Армения үш әскерге қарсы шайқасты

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Facebook-тегі мәлімдемесінде бұл келісім өзі үшін өте қиын шешім болғанын атап өтті.  

"Шешім әскери жағдайды талдау нәтижесінде және әскери жағдайды жақсы білетін адамдардың бағалауы негізінде қабылданды. Біздің әскер террористерге, НАТО-дағы екінші әскерге және Әзербайжан әскеріне қарсы соғысқанын түсінуіміз керек", - деді Пашинян.

Арутюнян: Соғысты "бір сағат бұрын" аяқтауға келістім

Мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының президенті Араик Арутюнян қазіргі қиын жағдайды ескере отырып және одан әрі адам қанын төкпеу үшін соғысты "бір сағат бұрын" аяқтауға келіскенін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Назарбаев Таулы Қарабақтағы қақтығыс туралы айтты 

"Қазіргі қиын жағдайды ескере отырып, одан әрі көптеген адамның құрбан болмауы және Арцахтан (Қарабақты өздерінше солай атайды – ред.) толығымен айырылып қалмау үшін мен соғысты "бір сағат бұрын" тоқтатуға келісім бердім", - деп жазды Арутюнян Facebook-те.

Әлиев: Агдам Әзербайжанға өтеді

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Агдам ауданы 20 қарашаға дейін әзербайжан жағына қайтарылуы тиіс екенін мәлімдеді.

"Мәселенің әскери шешімі бар, бірақ мен мәселені саяси жолмен шешкім келді ... Менің айтқанымдай болып шықты: әскери кезең аяқталды, саяси мәселеге көшеміз. Бізге барынша пайдалы құжатқа қол қойдық деп айтуға болады, Пашинян оған қол қойды, басқа амалы болмады. Шындығында, жеңілісті мойындау – бұл соғыстағы тізе бүгу", - деп мәлімдеді Әлиев халыққа үндеуінде.

Армения шарттармен келіспейді

Осы мәлімдемелерден кейін Арменияда тәртіпсіздік басталды. Ереванда наразылық білдірушілер үкімет үйінің быт-шытын шығарды.

Мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Самвел Бабаян атысты тоқтату туралы мәлімдемеге қол қойдырмауға тырысқанын айтты.

"Мен опасыз процесті тоқтату үшін парламентке баруға асықтым, алайда ТҚР президентінің келісімімен бұл мәлімдеме көпшілікке жарияланды", - деп жазды Бабаян.    

Жаңалықтар
0