Елорда тынысы

Елорда әкімдігі 44,5 мың теңге әлеуметтік көмек кімдерге берілетінін түсіндірді

© Sputnik / Сергей Аверин / Медиабанкке өтуУголь, архивное фото
Уголь, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік төлем зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедек балаларға және көпбалалы отбасыларға беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жылу беру маусымы кезінде көмір сатып алу үшін берілетін әлеуметтік төлемге азаматтардың бірнеше санаты үміткер бола алады, деп хабарлады елорда әкімдігі.

Әлеуметтік көмек жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы көрсетіледі.  

"Әлеуметтік төлем пешпен жылытылатын өз үйінде немесе жалға алып тұратын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедек балаларға және көпбалалы отбасыларға беріледі. Олардың жан басына шаққандағы табысы 4 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (шамамен 160 мың теңге) аспауы тиіс", - делінген хабарламада.

Өтемақы жылыту маусымына 16 айлық есептiк көрсеткiш көлемінде жүргiзiледi (44 448 теңге).

Оқи отырыңыз: Солтүстікке қоныс аударатындарға берілетін жәрдемақы екі есе артады 

Қатты отынды сатып алуға өтемақы алуға құқығы бар бiрнеше адам бiр жекеменшiк тұрғын үйде тұрған жағдайда өтемақы тек қана бiреуiне берiледi.

Төлемді алу үшін не істеу керек

Жылу беру кезеңінде (15 қазаннан 30 сәуірге дейін) әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші электронды үкіметтің веб-порталы (egov.kz) арқылы өтініш беру керек.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;
  • жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;
  • зейнеткерлiк куәлiгiнің көшірмесі – зейнеткерлер үшін, мүгедектiгi жөнiндегi анықтамасының көшірмесі – мүгедектер үшін;
  • Қазақстан Республикасы әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органы берген жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқығының болмауы (болуы) жөнiндегi анықтама.
  • банктік шот туралы мәлімет.

Сұрақ туындаған жағдайда төмендегі байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады:

  • Алматы ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімі - 8 702 158 08 53;
  • Байқоңыр ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімі - 8 705 468 50 01;
  • Есіл ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімі - 8 702 433 93 36;
  • Сарыарқа ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімі - 8 702 961 09 68.
Жаңалықтар
0