АЛМАТЫ, 19 қараша – Sputnik. Қазақстанда соңғы тәулікте коронавирустан бес адам, пневмониядан екі адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Қазір коронавирус инфекциясынан 9 961 адам ем қабылдап жатыр, оның ішінде 464 бала бар.
Стационарларда 2 992 науқас жатыр. 6 969 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Науқастардың арасында 228 адамның жағдайы ауыр, арасында 22 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 23 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Сонымен қатар бір тәулікте 762 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 202 адамға пневмония диагнозы қойылды.
Оқи отырыңыз: Ғалымдар организмдегі коронавирусты 5 минуттың ішінде өлтіретін өнімді атады
Пандемия басталғалы 123 097 адам коронавирус жұқтырды, 1 964 адам қайтыс болды.
Бірінші тамыздан бастап 40 690 адам пневмонияға шалдықты, 423 адам көз жұмды.