Видео

Нұр-Сұлтанның қысқы пейзажы көз сүйсіндіреді – таңғажайып видео

Жазылу
Қар жауған сәтте Нұр-Сұлтан көшелері ақ көрпеге оранып, Бәйтерек пен Хан-Шатыр және басқа да ғимараттар керемет көрініске ие болады. Мұны құс ұшар биіктіктен дронмен түсірілген керемет кадрлардан тамашалаңыз

"Қош келдің, қыстың алты айы!" деген тақырыппен түсірілген видеоны астана тұрғыны Владислав Воднев өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Еліміздің бас қаласы орналасқан Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі қыс шынымен де өте ұзақ: күзден көктемнің ортасына дейін мұнда қар патшалығы билік құрады. Көбінесе боран, бұрқасын және қатты аяз болады.

Қазір Нұр-Сұлтанда қар түсіп, қыс күшіне міне бастады десек те, аязды ауа райы әлі алда.

Оқи отырыңыз: Қыс жақындады: астана мен Алматыда қар түсті – видео

Автор бұл таңғажайып кадрларды квадрокоптердің көмегімен, кешкі уақытта құс ұшар биіктіктен түсірді: Бәйтерек пен Хан-Шатыр, мешіт пен әкімшілік ғимараттар, қаланың сол жағалауындағы жаңа аудандар ақ жамылғыға оранғандай әсер қалдырады және әдемі күйге енген.

Тіпті, неон шамдарымен жарықтандырылған қала аздап ертегі әлеміне айналғандай.

Қазақстанның қар жамылған астанасының керемет көріністерін бейнеден тамашалаңыз!

Жаңалықтар
0