Видео

Қыс жақындады: астана мен Алматыда қар түсті – видео

Жазылу
Әлі күз мезгілі болса да, далада - қыс. Елорда мен Алматыда мол қар түсті. Қалалық коммуналдық қызметтің жұмысы көбейді

Жолдар мен көшелерді қар басты. Елордада бір тәулікте бір айлық жауын-шашын мөлшерінің төрттен бір бөлігі жауды.

Алайда жергілікті коммуналдық қызметте пейзажды тамашалауға уақыт жоқ. Жүздеген арнайы техника мен 1 800 қызметкер жолдар мен автобус аялдамаларын тазалап жүр. 

Алматыда да айнала аппақ. Бұл мегаполистегі биыл жауған алғашқы қар. 4-7 сантиметр қар түсті, ал таулы аймақтардағы биіктігі - 10-12 сантиметр.

Ауа райына байланысты жолдағы жағдай қиындады. Елордада жүз (әдеттегіден 40%-ке көп) Алматыда 39 жол апаты болды, екі жағдайда адам өлімі тіркелді. 

Жүргізушілерге қысқы дөңгелекке көшуге кеңес берілді. Сондай-ақ, жылдамдық пен арақашықтықты сақтау маңызды.

Жаңалықтар
0