НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Қазіргі кезде Қазақстанда 8 882 науқас коронавирусқа қарсы ем қабылдауда. Олардың арасында 464-і бала бар, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.
Ел ауруханаларында 2 970 адам болса, амбулаториялық деңгейде 5 912 пациент емделіп жүр. 203 адамның жағдайы ауыр, ал 23-і өте ауыр хәлде жатыр. 24 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.
Оқи отырыңыз: Коронавирустың "қызыл" аймағына тағы екі облыс кірді
Өткен тәулік ішінде Қазақстанда коронавирустан 7 адам, коронавирус белгісі бар пневмониядан 2 адам қайтыс болды.
Соңғы бір тәулікте 226 қазақстандыққа пневмония диагнозы қойылды.