Өңірлер

Коронавирустың "қызыл" аймағына тағы екі облыс кірді

© Sputnik / Владислав ВодневСнегопад в Нур-Султане
Снегопад в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін "қызыл" зонада Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстары ғана болған еді. Өсім байқалып, бұл тізімге тағы екі өңір енгені хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Коронавирустың "қызыл" аймағына Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары да кірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бұған дейін "қызыл" зонада Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстары ғана болған еді. 

"Қазіргі таңда "қызыл" аймаққа ШҚО, Павлодар облысы, БҚО және Қостанай облысы кіріп отыр. Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы – "сары" аймақта. Қалған өңірлер "жасыл" зонада", - деді денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов эпидемиологиялық жағдайға арналған онлайн баспасөз мәслихатында.

Бүгінде Қазақстанда коронавирус диагнозымен 118 491 адам тіркелді, 108 632 адам жазылып шықты, 1 899 науқас қайтыс болды.

Еске сала кетсек, қазан айының басында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирус індетінің өршуінің үш сценарийін атады. Айтуынша, пессимистік болжам дәл келсе, Қазақстан локдаунға желтоқсанның ортасында оралуы мүмкін. Ал реалистік сценарий кезінде қатаң карантин қаңтарда енгізіледі.

Жаңалықтар
0