Жаңа президентті америкалықтарға Google және Facebook "тағайындады", ал Джефф Безосқа тиесілі The Washington Post газетіндегі Билл Гейтстің мақалалары жалпыамерикалық "бұйрықтар" мәртебесіне ие болды, деп жазады РИА Новости.
"Маған егер сізді BigTech қолдамайтын болса, онда сіз сайлауда жеңе алмайсыз деген сөзді айтты. Ертең оларға жеңістің мүмкін екенін көрсетейік", – деді сайлау қарсаңында өз жақтастарына қарата айтқан сөзінде Дональд Трамп. Бірақ, келесі күні орасан әкімшілік ресурстарға тіркелген ақпараттық технологиялар оған қарсы жұмыс істегенде-ақ президенттің қателескені белгілі болды.
Соңғы бірнеше айдан бері IT-корпорацияларының жетекшілерін үнемі АҚШ конгресі мен сенатына сүйрелеп, олардан жауап алуда және есеп беруге мәжбүрлеуде. Логикалық тұрғыдан алғанда, республикашылдар Цукербергке (Facebook), Дорсиге (Twitter), Пичайге (Google) "шабуыл жасауы" керек. Өйткені әлеуметтік желілер Трамп пен оның жақтастарын тереңге батырғысы келді. Бірақ шындығында бәрі басқаша көрініп тұр.
Демократиялық конгрессмендер интернет-платформалар мен әлеуметтік желілердің иелеріне өздерінің саяси қарсыластары сияқты қатаң шабуыл жасады. Республикашылар BigTech-ті цензура үшін, ал демократтарды нарықтың монополиялануына айыптады.
Республикашылар телекоммуникация туралы заңның 230-бөлімін алып тастаймыз деп қорқытуда. Бұл операторларға өз платформаларында орналастырылған кез-келген контент үшін жауапкершілік жүктейді. Кез келген қолданушы кез келген IT-корпорациясын сотқа бере алады және мұндай шағымдардың көп болуы олардың тез банкротқа ұшырауын қамтамасыз етеді.
Демократтар монополияға қарсы заңдарды ІТ-корпорацияларға қолданғысы келеді. Себебі бұл заң нарықтың орасан үлесін иемденген корпорацияларды бірнеше бөлікке бөлуге мүмкіндік береді. Монополияға қарсы заң Рокфеллердің мұнай бизнесін де, IBM корпорациясын да бұзды.
Сайлауда жан аямай күрескен әртүрлі партиялардағы америкалық саясаткерлер кенеттен әрі түсініксіз себеппен IT- корпорацияларына қарсы бірігіп кетті. Неліктен бұлай болды?
Жергілікті жерлерде Гейтс, Безос, Цукербергтің "бұйрықтарын" демократиялық партияға кіретін мэрлер мен губернаторлар үлкен қуанышпен орындап жатты. Президентті елді басқару процесінен мүлдем алып тастады. Нью-Йорк мэрі өз қаласындағы президенттің тікелей бұйрықтарына қайшы, келетін зұлымдықты арандатып, қолдады. Ал Сиэтл мэрі Трамптың тәртіпті қалпына келтіру туралы талабына өз Twitter-інде: "Бункеріңізге отырыңыз!" деп жауап берді.
Қарашадағы сайлау бұған қатысты ешнәрсені өзгерткен жоқ. Жергілікті жерлерде өз мүмкіндіктері мен дағдыларына сәйкес, мэрлер мен губернаторлар билік жүргізеді. Ал оларды Дублинде тұруға ықтиярхаты бар трансұлттық компанияларға иелік ететін мультимиллиардерлер немесе олардың артында тұрған түсініксіз адамдар басқарады. Осындай екі қабатты басқару схемасы жағдайында, АҚШ президентіне және бүкіл америкалық саясаткерлерге шынымен де орын жоқ. Бұл партиялық бағытының әртүрлілігіне қарамастан, америкалық конгрессмендер мен сенаторларды үрейлендіретіні анық. Олардың барлығы кенеттен өздерін артық сезінгені аян.
Екі жыл бұрын отандық либералдар "тәуелсіз интернет" идеясына наразы болып, осы тақырып бойынша күлкілі дүниелер жазған еді. Бірақ америкалықтар ақпараттық технологиялардың шексіз еркіндігін сынап көрді және өздері дауыс берген президенттің орнына басқа адамның келгенін көрді. Сөйтіп, интернетке бақылау жүргізбейінше, егенмендіктің де болмайтыны кенеттен мәлім болды.
Интернетке ұлттық бақылау жүргізуді сынайтындар IT-империялардың жеке мәртебесіне жүгінеді. Олардың пікірінше, әлеуметтік желілердің иелері "өз дүңгіршегінде" кез-келген ережені орнатуға құқылы. Алайда, олардың қызметінің монополиялық сипат алуы интернет-алпауыттардың иелеріне миллиардтаған адамдардың еркін ойларын цензурадан өткізуге және кез-келген, тіпті ең қорқынышты идеяларды таратуға мүмкіндік береді. Бұл жерде кезінде "Фелькишер Беобахтердің" алғашында жай ғана жеке басылым ретінде шыққанын ұмытпаған жөн.