Әлем

Трамп үшін "әлемдік деңгейдегі шахматшылар" кім?

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуБелый дом в Вашингтоне
Белый дом в Вашингтоне - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өзін АҚШ-тағы президенттік сайлаудың жеңімпазы деп жариялаған Джо Байденді батыс әлемінің ғана емес, көптеген елдің басшылары құттықтап үлгерді

Мемлекет басшыларының арасында құттықтау жеделхаттарын жолдауға асықпай отырғандар да бар. Бұл ретте, ең ірі Латын Америкасы елдерінің  – Бразилия мен АҚШ-тың көршісі Мексиканың көшбасшыларын айтуға болады. Мысалы, Бразилия лидері Болсонару үнемі Трампқа тәнті болып жүрсе, мексикалық Лопес Обрадор сайлауға қатысты "барлық заңды рәсімдердің аяқталуын" күтуді жөн көретінін білдірді. Лопес Обрадор 14 жыл бұрын өзінің қолынан президенттік сайлаудағы жеңісті жұлып алды деп есептейді. Бұл ретте, ол сол уақытта да шетелдік лидерлер сайлаудың ресми нәтижесін күтпей, өзінің қарсыласын құттықтай бастағанын алға тартады.

Выборы президента США - Sputnik Қазақстан
Әлем
Байден президент болуға дайындалып жатыр, Трамп дауысты қайта санауды талап етті
Трамппен үш рет кездескен маршал Ким Чен Ын Байденді құттықтаған жоқ, Ақ үйдің қазіргі иесімен жақсы қарым-қатынас орнатқан Режеп Ердоған да үнсіз отыр. Мәскеу мен Пекин тарапынан да тыныштық орнап тұр – Владимир Путин пен Си Цзиньпин Байденді құттықтауға асығар емес. Дегенмен, сайлау қарсаңында сарапшылардың басым көпшілігі "қытайлар Байденнің, ал орыстар Трамптың жеңетініне бәс тігеді" деген еді. Олар Бейжің Қытаймен сауда соғысын бастаған Трамптың жеңілісіне қуанады, Байден қытайларға әлдеқайда жақын деген пікірлерін алға тартқан еді. Бірақ Си Цзиньпин үнсіз. Бейжіңдегілер мұны сайлау нәтижесі америкалық құқықтық процедуралар қорытындысымен анықталатындығымен түсіндіріп отыр.

Владимир Путиннің үнсіздігін The New York газеті Ресейдің АҚШ-тың жаңа президентімен "терең дұшпандық қарым-қатынасқа" дайындалып жатқанының алғашқы белгісі деп атады, басылым 2016 жылы Ресей президентінің Трампты жеңісімен сайлаудан бірнеше сағат өткен соң құттықтағанын еске салды. Ал қазір тыныштық орнап тұр. Бұл үнсіздік алдағы уақытта екі ел арасындағы қарым-қатынастың шиеленіске толы болатынын білдіреді, деп жазады The New York Times.

Екі елдің қарым-қатынасы қазіргіден де шиеленісті болуы мүмкін бе? Қарым-қатынастың мұндай күйге түсуіне Трамп ықпал еткен жоқ, оған қазіргі президенттің кезінде Конгресті (сыртқы саясатта үлкен рөл ойнайтын) ғана емес, Американың өзін де басқарған америкалық ғаламдық элита әсер етті. Демек, Путин Байденмен шайқасқа дайындалып жатқандығынан емес, Трампты құрметтейтіндігінен үнсіз отыр.

Әрине, Ресей Байденнің президенттігінің заңдылығын мойындамау туралы ең күрделі қадамға бара қоймас. Әйтсе де, теориялық тұрғыдан бұл нұсқа да болуы мүмкін. Егер 20 қаңтарда Байденді президент ретінде жариялап, ал Трамп оның сайлауда заңды түрде жеңіске жеткенін мойындамаса, онда бұл Мәскеуге сайлау заңбұзушылықтармен өтті (оның үстіне, сот процедураларының сол уақытқа дейін аяқталуы мүмкін емес), ал ол АҚШ-та заңды мемлекет басшысы жоқ дегенді білдіреді деуге негіз болар еді. Бірақ Ресей АҚШ-пен мұндай тұрғыда ойын ойнамасы анық.

Кандидат в президенты США от Демократической партии и бывший вице-президент Джо Байден - Sputnik Қазақстан
Әлем
АҚШ-тағы президент сайлауы: Джо Байден жеңіске жетті
Путин мен Трамптың бір-біріне оң қабақ танытуы тығыз қарым-қатынас деңгейіне ұласқан жоқ. Олар үш жарым жылдың ішінде тек бірнеше рет қана кездесті, олардың басым көпшілігі жүзбе-жүз кездескен жеке кездесулер емес. Бірақ бұл кездесулерден бұрын да Трамп Путин туралы жақсы пікірде еді. 

Жақында Трамп Путинді "әлемдік деңгейдегі шахматшы" деп бағалай келе, бұл санатқа Си Цзиньпинді, Реджеп Ердоғанды және Ким Чен Ынды да қосуға болатындығын айтты. Шын мәнісінде, мықты геосаяси ойыншылар санатында тұрған бұл елдерді басқа не біріктіреді?

Олардың Байденді жеңісімен құттықтауға асықпайтындығы. Трамп шахматшылар туралы айтқан әңгімесінде егер Байден президент болса, онда Путинмен, Симен, Эрдоганмен және Киммен тең дәрежеде жұмыс істей алмайтынын айтқан еді. 

Байден Путинмен тек бір рет қана, 2011 жылдың 10 наурызында кездесті. Бірақ сол кездің өзінде Байден оған өз кандидатурасын Ресей президенттігіне қайта ұсынбау жөнінде меңзеп кеткен еді. Вице-президент Байден Си Цзиньпинге (сол кезде ҚХР вице-президенті болған) он жыл бұрын G2 құру туралы ұсыныс жасаған болатын. Бұл – Обама әкімшілігінің ойыны, яғни Қытайды жаңартылған атлантикалық әлемдік тәртіптің кіші серіктесі ретіндегі рөліне үйрету ойыны-тұғын. Яғни, Байден сол кездің өзінде де ештеңеге қол жеткізген жоқ, тек өзіне және АҚШ-қа өз "серіктестерін" қарсы қойды. Егер қазір ол АҚШ басшысы болса, ашық қарсылас ретінде олармен бетпе-бет келері анық.

Жаңалықтар
0