Өңірлер

Дәретханада қыздарға порно көрсеткен ер адам 10 жылға сотталды

© Photo : pixabayРебенок, игрушка
Ребенок, игрушка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сотта ер адам жеке ұялы телефоны арқылы 2012 жылғы екі қызға порнографиялық видеоны көрсетіп, күш қолданбай азғындық әрекеттер жасағаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты сауда және ойын-сауық орталығында балаларға азғындық жасаған ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, ер адамның әрекеті Қылмыстық кодекстің 124-бабы, 1-бөлігі – жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекет жасау бойынша қаралды. Сол үшін ең жоғары жаза тағайындалды.

"Сотта ер адам жеке ұялы телефоны арқылы 2012 жылғы екі қызға порнографиялық видеоны екі рет көрсетіп, күш қолданбай азғындық әрекеттер жасағаны анықталды. Ол алдымен сауда орталығының фойесінде, одан кейін әйелдер дәретханасына жәбірленушілердің соңынан кіріп көрсеткен", - дейді сот мамандары.

Сот ер адамды 10 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тәжікстан азаматы болуы мүмкін: қызды сайға шақырған ер адам ұсталды

Айта кетейік, өткен жылы MEGA Alma-Ata сауда және ойын-сауық орталығында ер адам екі қыздың артынан дәретханаға кіріп, порнографиялық материалдар көрсеткен. Сол кезде қыздардың бірі қашып кетіп, анасын көмекке шақырған. Сауда орталығының күзет қызметі күдіктіні ұстады. Ол 32 жастағы Ақтөбе облысының тумасы болып шықты. Бұған дейін осы іспетті қылмыс үшін сотталған.

Жаңалықтар
0