Нәзік қызғылт-күлгін түсті бұл ерекше гүл басқа өсімдіктер сияқты көктемде емес, қыс қарсаңында бүр жарады. Оның ерекшелігі де – осы.
Тарихшылардың айтуынша, оны өсіру мәдениеті жиырма бес ғасырдан бері қалыптасқан.
Шафран – өте қымбат өсімдік, себебі одан бір келі дәмдеуіш алу үшін екі жүз мыңнан астам гүл жиналады. Сонымен қатар, олар арнайы технологияға сәйкес, екі футбол алаңына тең келетін аумақта өсірілуі керек. Өсімдіктің гүлдері, әсіресе тозаңы нәзік болғандықтан, оны механикалық құрылғымен емес, қолмен жинауға тура келеді.
Шафран жылына 2-3 күн ғана гүлдейді, бірақ оны гүлі ашылған сәтте, әсіресе күн шыққанға дейін жинап алған жөн. Себебі, сол кездегі шафран ең сапалы болып шығады. Сондықтан, шафранды қолмен, тізерлеп отырып жинайды. Себебі, бұл жұмыс технологиялық құрылғымен жинауға келмейді. Күні бойы жиналған әр шафран гүлінің ішіндегі тозаңды жұлып алу керек, кейін олар арнайы құрылғыда кептіріледі.
Ең қымбат шафран Иранда өсіріледі. Оның бір келісі мың долларға дейін бағаланады.
Дәмдеуіштердің экспорты жыл сайын ел бюджетіне 400 миллион доллардан астам пайда түсіреді. Себебі, Иранда екі жүз тоннаға жуық шафран өндіріледі. Бұл әлемдік өндірістің 80%-ін құрайды.