Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Иранда әйгілі шафран қалай жиналады - фото

Жазылу
Ежелде шафран Шығыстың ең қымбат дәмдеуіші болып саналды. Оны "қызыл алтын" деп те атайды, дегенмен өсімдіктің табиғи түсі мүлдем өзгеше

Нәзік қызғылт-күлгін түсті бұл ерекше гүл басқа өсімдіктер сияқты көктемде емес, қыс қарсаңында бүр жарады. Оның ерекшелігі де – осы.

Тарихшылардың айтуынша, оны өсіру мәдениеті жиырма бес ғасырдан бері қалыптасқан.

Шафран – өте қымбат өсімдік, себебі одан бір келі дәмдеуіш алу үшін екі жүз мыңнан астам гүл жиналады. Сонымен қатар, олар арнайы технологияға сәйкес, екі футбол алаңына тең келетін аумақта өсірілуі керек. Өсімдіктің гүлдері, әсіресе тозаңы нәзік болғандықтан, оны механикалық құрылғымен емес, қолмен жинауға тура келеді.

Шафран жылына 2-3 күн ғана гүлдейді, бірақ оны гүлі ашылған сәтте, әсіресе күн шыққанға дейін жинап алған жөн. Себебі, сол кездегі шафран ең сапалы болып шығады. Сондықтан, шафранды қолмен, тізерлеп отырып жинайды. Себебі, бұл жұмыс технологиялық құрылғымен жинауға келмейді. Күні бойы жиналған әр шафран гүлінің ішіндегі тозаңды жұлып алу керек, кейін олар арнайы құрылғыда кептіріледі.

Ең қымбат шафран Иранда өсіріледі. Оның бір келісі мың долларға дейін бағаланады.

Дәмдеуіштердің экспорты жыл сайын ел бюджетіне 400 миллион доллардан астам пайда түсіреді. Себебі, Иранда екі жүз тоннаға жуық шафран өндіріледі. Бұл әлемдік өндірістің 80%-ін құрайды.

© Sputnik / Soheil Ghanbarzadeh25 ғасырдан астам уақыт бұрын Иранның тау бөктеріне жақын маңындағы шөлді аймақ тұрғындары осы бір әдемі және өзгеше өсімдікті өсіре бастады.
Сбор шафрана в иранской провинции Голестан - Sputnik Қазақстан
1/8
25 ғасырдан астам уақыт бұрын Иранның тау бөктеріне жақын маңындағы шөлді аймақ тұрғындары осы бір әдемі және өзгеше өсімдікті өсіре бастады.
© Sputnik / Soheil GhanbarzadehШафранның даңқы бүкіл әлемге шарлады. Оның қасиеті жайында буддистік және ежелгі грек аңыздарында, мысырлық папирустар мен қытайлық мәтіндерде жазылған, Ескі өсиетте және Құран Кәрімде айтылған.
Сбор шафрана в иранской провинции Голестан - Sputnik Қазақстан
2/8
Шафранның даңқы бүкіл әлемге шарлады. Оның қасиеті жайында буддистік және ежелгі грек аңыздарында, мысырлық папирустар мен қытайлық мәтіндерде жазылған, Ескі өсиетте және Құран Кәрімде айтылған.
© Sputnik / Soheil GhanbarzadehБұл өсімдіктің сабағы ыстық және құрғақ жазда "ұйықтап", күзде – қазан айының соңында, қараша айының басында гүлдейді. Оның күлгін, қызыл немесе қызылкүрең түсті 2-3 гүлінің 3 тозаңы болады. Гүлдің осы бір нәзік бөлігі айрықша емдік қасиетке ие.
Сбор шафрана в иранской провинции Голестан - Sputnik Қазақстан
3/8
Бұл өсімдіктің сабағы ыстық және құрғақ жазда "ұйықтап", күзде – қазан айының соңында, қараша айының басында гүлдейді. Оның күлгін, қызыл немесе қызылкүрең түсті 2-3 гүлінің 3 тозаңы болады. Гүлдің осы бір нәзік бөлігі айрықша емдік қасиетке ие.
© Sputnik / Soheil GhanbarzadehШафран – бұл құртқашаш тұқымдасқа жататын, әлемнің түрлі қиыры мен көптеген елінде өсетін көпжылдық өсімдік. Бірақ олардың ең жақсысы тек өз Отаны – Иранда өсіріледі.
Сбор шафрана в иранской провинции Голестан - Sputnik Қазақстан
4/8
Шафран – бұл құртқашаш тұқымдасқа жататын, әлемнің түрлі қиыры мен көптеген елінде өсетін көпжылдық өсімдік. Бірақ олардың ең жақсысы тек өз Отаны – Иранда өсіріледі.
© Sputnik / Soheil Ghanbarzadeh Шафранды өсіру және әсіресе жинау өте қажырлы еңбекті қажет етеді. Оның өз себебі бар. Шафран жылына 2-3 күн ғана гүлдейді, бірақ оны гүлі ашылған уақытта күн шыққанға дейін жинап алған жөн. Мұндай шафранның сапасы жоғары болады.
Сбор шафрана в иранской провинции Голестан - Sputnik Қазақстан
5/8
Шафранды өсіру және әсіресе жинау өте қажырлы еңбекті қажет етеді. Оның өз себебі бар. Шафран жылына 2-3 күн ғана гүлдейді, бірақ оны гүлі ашылған уақытта күн шыққанға дейін жинап алған жөн. Мұндай шафранның сапасы жоғары болады.
© Sputnik / Soheil GhanbarzadehКүні бойы әрбір жиналған шафран гүлінен тозаңды жұлып алу керек, олар кейін арнайы құрылғыларда кептіріледі.
Сбор шафрана в иранской провинции Голестан - Sputnik Қазақстан
6/8
Күні бойы әрбір жиналған шафран гүлінен тозаңды жұлып алу керек, олар кейін арнайы құрылғыларда кептіріледі.
© Sputnik / Soheil GhanbarzadehКептірілген және әлі жылы күйде тұрған өсімдік тозаңы дереу герметикалық қораптарға салынады, кейін сатылымға шығарылады. Әзірге бұл процесті механикаландыру қолдан келмей тұр.
Люди во время сбора шафрана в иранской провинции Голестан - Sputnik Қазақстан
7/8
Кептірілген және әлі жылы күйде тұрған өсімдік тозаңы дереу герметикалық қораптарға салынады, кейін сатылымға шығарылады. Әзірге бұл процесті механикаландыру қолдан келмей тұр.
© Sputnik / Soheil GhanbarzadehБір келі құрғақ шафранды алу үшін кем дегенде 200 000 гүл өсіріп, жинап, өңдеу керек. Сондықтан қазіргі таңда әлемде жылына 300 тоннаға жуық шафран өндірілетіні таңғаларлық жағдай емес. Бұл алтын өндіргеннен он есе аз.
Сбор шафрана в иранской провинции Голестан - Sputnik Қазақстан
8/8
Бір келі құрғақ шафранды алу үшін кем дегенде 200 000 гүл өсіріп, жинап, өңдеу керек. Сондықтан қазіргі таңда әлемде жылына 300 тоннаға жуық шафран өндірілетіні таңғаларлық жағдай емес. Бұл алтын өндіргеннен он есе аз.
Жаңалықтар
0