Өңірлер

Қазақстан премьер-министрі ресейлік "Татнефть" компаниясының басшысымен кездесті

© Photo : primeminister.kzПремьер-министр Аскар Мамин встретился с гендиректором российской нефтяной компании "Татнефть" Наилем Магановым
Премьер-министр Аскар Мамин встретился с гендиректором российской нефтяной компании Татнефть Наилем Магановым - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағанды ​​облысында салынатын шина зауыты 2022 жылы ашылады және ол жерде мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Қарағанды ​​облысының Саран қаласында шина шығаратын зауыт жобасын премьер-министр Асқар Мамин ресейлік "Татнефть" мұнай компаниясының бас директоры Наиль Магановпен талқылады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Тараптар автомобиль шинасын шығару нысанын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мен жоспар-кестесін келісуге дайындық жобасының жұмыстарын пысықтады.

"Қазақстанда ішкі нарық қажеттіліктерін өтеу мен экспорттық әлеуетті дамытуда аталған шина шығаратын зауыт құрылысының маңызы зор", – деді Мамин.

Қыркүйек айында Қостанайда кездескен Асқар Мамин мен Татарстан президенті Рустам Минниханов жобаны іске асыруға қол қойған болатын. Сол жерде Қарағанды ​​облысының әкімдігі мен "Татнефть" арасындағы инвестициялық меморандум да бекітілген.

Зауыт жеңіл көліктерге арналған 3 миллион шина мен коммерциялық көлік пен автобустардың 500 мың дана шина шығаратындай әлеуетке ие.

Оқи отырыңыз: 2025 жылға қарай халық толықтай ауыз сумен қамтылады – Мамин

Мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылатын нысанға құйылған инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 111 миллиард теңгені құрайды.

Зауыт пайдалануға 2022 жылы беріледі деп жоспарланған.

Жаңалықтар
0