Қоғам

2025 жылға қарай халық толықтай ауыз сумен қамтылады – Мамин 

© Photo : Pixabay / drfuenteshernandezВода, мытье рук, иллюстративное фото
Вода, мытье рук, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Премьер әр әкімдіктің елді мекендерге, әсіресе, тұрғындары аз ауылдарға тиісті инфрақұрылымды жеткізу бойынша нақты жоспары болу керектігін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 100 проценті ауыз суға қол жеткізеді. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Үкімет басшысының айтуынша, елде орталықтандырылған сумен жабдықтау қалаларда 97,2%, ауылдарда 86,4%-ті құрайды. 

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2025 жылға қарай халықтың 100%-і сумен жабдықтау қызметімен қамтамасыз етіледі. Осының арқасында біз халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізу мәселесін толығымен шешеміз", - деді Мамин үкімет отырысында. 

Ол әр әкімдіктің елді мекендерге, әсіресе, тұрғындары аз ауылдарға тиісті инфрақұрылымды жеткізу бойынша нақты жоспары болу керектігін атап өтті. 

"Осы мәселедегі маңызды фактор топтық су құбырларының инфрақұрылымын жасау және ауылдардың шекарасына дейін жеткізу керек. Бұл жұмыс желілерді елді мекендердің ішінде тартумен үйлесімді жүруі қажет. Жауапты министрліктер мен әкімдіктер, бірінші кезекте, артта қалған өңірлер осы мәселені ерекше бақылауда ұстасын", - деді премьер. 

Тағы бір маңызды міндет, айтуынша, кәріздік тазарту құрылыстарын салу және жаңғырту. Мамин бұл мәселені шешу үшін қаржыландыру көздері анықталып, жобалау құжаттамасы әзірленіп жатқанын айтты. Ол осы жұмыстарды жылдам аяқтап, жобаларды іске асыруға кірісуді тапсырды. 

Сонымен қатар, премьер-министр 2021 жылдың соңына дейін 197 мың тұрғыны бар 38 елді мекенге су жүргізуді көздейтін, ұзаққа созылған үш жобаның құрылысын аяқтау керектігін мәлімдеді. 

Бұдан бөлек, құзырлы органдарға халық үшін тарифтердің өсуіне жол бермеу үшін кәріздік тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жобаларын іске асыру тетігін заң жүзінде бекітуді тапсырды.

Жаңалықтар
0