Қоғам

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ипотека беру жүйесіне өзгеріс енгізеді

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуНовый дом, архивное фото
Новый дом, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдағы уақытта кредит мақұлданғаннан кейін қарыз алушыға баспана іздеуге екі ай емес, алты ай уақыт берілуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жеңілдетілген ипотекамен баспана іздеу мерзімін ұзартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте журналистер жеңілдетілген ипотеканың шарттарына қатысты сұрақ қойды.

"Бүгінде кредит мақұлданғаннан кейін қарыз алушыға баспана іздеуге екі ай ғана беріледі. Бірақ осы уақытта ипотекаға үй табу қиын. Мысалы, өңірлерде құрылыс қарқынды салынбайды. Салынған күннің өзінде жарты жылдан кейін немесе бір жылдан кейін пайдалануға берілуі мүмкін. Сол себепті екі ай аз деп жатады. Осыған қатысты қандай да бір өзгерістер бола ма?", - деп сұрады тілшілер.

Оқи отырыңыз: Бірнеше бағдарлама бар – баспана алудың тиімді шарттары қандай       

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ орталық филиалының басшысы Жансұлтан Матаевтың айтуынша, бұл – ереже талабы. Алайда алдағы уақытта оны өзгертуі мүмкін.

"Иә, бүгінде ереже бойынша солай болып тұр. Екі ай беріледі. Бұл – банктің ішкі кредиттік комитетінің шешімі. Әрине, сіз айтқан мәселемен келісеміз. Қазіргі кезде баспана іздеу мерзімін екі айдан алты айға дейін созу мәселесі тиісті комитеттерде қаралып жатыр. Өйткені бізге де клиенттер тарапынан сұрақтар көптеп түседі. Меніңше, осы мәселе бойынша жақын арада хабар береміз", - деді Матаев.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте банк өкілі "Әйелдер ипотекасына" қатысты да ақпарат берді. Оның айтуынша, жақын арада бұл бағдарламаға қатысты мәлімдеме жасалады.

Жаңалықтар
0