Әлем

Коронавируспен ауырғандардың ағзасында антидене қанша уақыт сақталады?

© AFP 2024 / PASCAL GUYOTСотрудник лаборатории исследует образец для анализа на коронавирус
Сотрудник лаборатории исследует образец для анализа на коронавирус  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зерттеушілер коронавирус жұқтырғандардың барлығы дерлік алдағы 3-5 айда антиденені жоғалтатынын және инфекцияны қайтадан жұқтыру қаупі жоғары екенін ескертті

АЛМАТЫ, 2 қараша – Sputnik. Коронавируспен ауырған адамның ағзасында инефекцияға қарсы антидене бес айға дейін сақталады. АҚШ-тағы Маунт Синай медицина орталығының ғалымдары осындай тұжырым жасады, деп хабарлайды Science журналы.

Ғалымдардың айтуынша, адам аурудың жеңіл немесе орташа түрімен ауырса ғана антидене бес ай сақталады. Сонымен қатар зерттеушілер антиденелер коронавирусты қайта жұқтырудан қорғайтынын немесе қайта жұқтырған жағдайда жеңіл өткізуге көмектесетінін айтты.

Оқи отырыңыз: Министр жазда коронавируспен ауырып шыққандарға сақ болуға кеңес берді 

Ресейлік коронавирусқа қарсы Спутник V вакцинасының жас тобындағы зерттеу жетекшісі Никита Ломакин індетке шалдыққан адамдарда гуморальды иммунитеттің тұрақсыз болатынын айтты. Ол коронавирус жұқтырғандардың барлығы дерлік алдағы 3-5 айда антиденені жоғалтатынын және инфекцияны қайтадан жұқтыру қаупі жоғары екенін ескертті.

Сонымен қатар маман ағзаға енгізілген коронавирусқа қарсы вакцинаның тиімділігі уақыт өте келе төмендейтінін атап өтті. Сондай-ақ, Ломакин медицинаға пациентті өмір бойы иммунитетпен қамтамасыз ету міндеті қойылмағанын жеткізді.

Ал Ресейдің бас санитар дәрігері Анна Попова коронавирус антиденесі жоғалмайтынын, адам ағзасында вируспен бетпе-бет келген кезде антиденелерді шығаратын жасуша сақталатынына сенімді.

Ол ағзада антиденелер туралы жад пайда болатынын және инфекциямен бетпе бет келген кезде антиденелер лезде пайда болатынын мәлімдеді.

Педиатр, инфекционист, вакцинолог Евгений Тимаков коронавирус инфекциясын адамдар бірнеше жыл бойы жұқтырады деп санайды. Оның айтуынша, COVID-19 жоғалып кетпейді.

Айта кетейік, пандемия басталғалы Қазақстанда 112 860 адам коронавирусқа шалдықты, 1857 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0