Қоғам

Министр жазда коронавируспен ауырып шыққандарға сақ болуға кеңес берді

© Sputnik / Владислав ВодневЛюди в масках на вокзале в Нур-Султане накануне карантина
Люди в масках на вокзале в Нур-Султане накануне карантина  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлемнің кейбір елінде вирусты қайта жұқтыру деректері тіркеліп жатыр, Қазақстанда әзірге мұндай жағдай анықталмады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Маусым-шілде айларында коронавирус жұқтырып, ауруды орташа немесе ауыр өткерген адамдар қараша-желтоқсанда қайта індетке шалдығуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр ғалымдардың антиденеге қатысты түрлі зерттеуін мысалға келтірді.

Айтуынша, симптомсыз ауырып шыққан азаматтарда антидене бір ай сақталады. Ал коронавирустың орташа немесе ауыр деңгейімен ауырғандарда – үш айдан бес айға дейін.

"Қазақстанда коронавирус індетінің шарықтау шыңы 2020 жылдың маусым-шілде айларына келгенін білесіздер. Біз талдау жүргізіп көрсек, бес айдан кейін, яғни қараша-желтоқсан айларында ауруды орташа немесе ауыр өткергендерде антидене жоғалуы мүмкін. Сол себепті коронавирус инфекциясымен қайта ауырып қалу қаупі бар", - деді Цой онлайн баспасөз мәслихатында.

Ол қазір әлемнің кейбір елінде вирусты қайта жұқтыру деректері тіркеліп жатқанын айтты. Бірақ, Қазақстанда әзірге мұндай жағдай анықталмаған.

Министр вирусқа қарсы вакцина шықпағандықтан, азаматтарды карантин талаптарын сақтауға шақырды.

Жаңалықтар
0