Сенаторлардың пікірінше, елге Солтүстік полюсте жұмыс істей алатын мұзжарғыш кемелер өте қажет, деп жазады РИА Новости.
Уикер мен Салливан Мәскеудің әлемдегі ең үлкен мұзжарғыш флотқа ие екендігін, ол 40 кемеден тұратындығын мәлімдеді. Егер салыстыратын болсақ, АҚШ-тың жағалаудағы күзетінде тек екі мұзжарғыш бар – PolarStar және Healy, бұлардың екіншісі борттағы өрттен кейін жөнделіп жатыр. Алайда 1 жөнделген мұзжарғыштың экономикалық және әскери алпауыт мемлекеттер үшін жеткіліксіз болатыны анық. Бірақ Арктиканы бақылау бай табиғи ресурстарға жол ашады және Еуразияның солтүстігінде тұрақты әскердің болуына қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Маусым айында президент Дональд Трамп мұзжарғыштардың үлкен паркін құру қажеттігін мәлімдеген еді. Америка билігі алты жаңа кеме жасау бағдарламасының тетігін іске қосты, оның ішінде ауыр класқа жататын кемелер бар, олар елде 40 жылдан бері орналастырылмаған. Конгресс қазірдің өзінде жетекші мұзжарғышты қаржыландырып үлгерді. Ол 2024 жылға қарай теңіз сынақтарынан өтуі қажет. Өз кезегінде, жағалау күзеті басшылығы екінші кемеге қаражат сұрап жатыр.
Сенаторлардың пікірінше, әзірге Polar Star қызметінің мерзімін кем дегенде 2023 жылға дейін ұзартуға тура келеді. Кеме ғасырдың басында өз ресурсын сарқып тастағанын ескерсек, АҚШ-тың Арктикадағы үстемдігін қамтамасыз ету оған қиынға түсері анық.
Ресей мұз класындағы кемелер жасауды ешқашан тоқтатқан емес. Мысалы, 21 қазанда 22220 "Арктика" жобасының бас ядролық мұзжарғышы іске қосылды. Әрқайсысы 175 мегаватт жылу қуатынан тұратын және РИТМ-200 реакторлары бар екі электр станциясымен жабдықталған бұл кеме қалыңдығы 2,8 метрлік мұзды бір жарым-екі түйін жылдамдықпен еңсере алады. Ол мұхитта да, өзен арналарында да жұмыс істей алады. "Атомфлот" жобаның тағы төрт кемесін - "Сибирь", "Урал", "Якутия" және "Чукотканы" қол жеткізетініне үміт артып отыр. Алғашқы екеуін сәйкесінше 2021 және 2022 жылдары пайдалануға беру болжанған.
Аймақтағы кез-келген әскери және азаматтық құрылыс табысының кепілі – осы ядролық мұзжарғыштар. "Арктикадан" бөлек Ресейде қуаты 75 мың ат күшіне тең келетін екі реакторлы атом электр станциясы бар екі кеме ("Ямал", "Жеңіске 50 жыл"), қуаттылығы шамамен 50 мың ат күшіне тең келетін бір реактор қондырғысы бар екі мұзжарғыш ("Таймыр", "Вайгач"), қуаты 40000 ат күшіне тең келетін реакторлық құрылғысы бар "Севморпуть" жеңіл тасымалдаушы кемесі мен технологиялық қызмет көрсететін бес кеме орналасқан. "Советский Союз" мұзжарғыш кемесі пайдалану резервінде тұр. Бұл дизельді-электрлік кемелерді қоспағанда, айтарлықтай ауқымды арктикалық флотилия.
Соңғысына, мысалы, 2017 жылы Солтүстік флоттың құрамына енген заманауи "Илья Муромец" кіреді. Ол қалыңдығы бір метрге дейін жететін қатты мұз алаңында жұмыс істей алады. Арктикалық сулар арқылы кемелерді өткізумен қатар, бұл алып кеме арктикалық әскери күштер тобына жүк жеткізеді. Жоба сонымен қатар, борттың қару-жарағын, соның ішінде, кеменің АК-630, АК-230, АК-306 артиллериялық жылдам ату қондырғыларын жөндеуді қарастырады. Теориялық тұрғыдан алғанда, мұзжарғышты шабуылдаушы әскери кемеге айналдыруға болады. Ол үшін оны тек кемеге қарсы зымырандармен жабдықтау қажет.
Әлемдегі алғашқы ядролық мұзжарғыш кеме КСРО-да да жасалды. Ол "Ленин" деп аталды. Ядролық кеме 1959 жылы әскери-теңіз министрлігіне берілді. Бұл алып кеме солтүстік ендікте навигацияны едәуір деңгейде кеңейтті. Пайдаланудың алғашқы алты жылында ғана "Ленин" 82 мыңнан астам теңіз милін жүріп өтіп, 400-ден астам кемені дербес түрде өткізді. 1989 жылы мұзжарғыш Мурманскіде мәңгілік тұраққа қойылды, ол федералдық маңызы бар мәдени мұра ескерткіштерінің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Ресей – мұзжарғыш-жеңіл тасымалдаушы кемені пайдаланатын жалғыз ел. "Севморпуть" – 1988 жылдан бері пайдаланылып келетін әлемдегі ең ірі көлік кемесі. Ол қалыңдығы бір метрге дейін жететін мұзды өздігінен бұза алады. Қазіргі таңда ол – атомдық күш құрылғысы бар жұмыс істеп тұрған жалғыз жүк кемесі.