АЛМАТЫ, 30 қазан – Sputnik. Қазақстанда 31 қазан мен 2 қараша аралығында жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады, бұрқасындатады, деп хабарлады Қазгидромет.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, Қазақстанның солтүстігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын жауады, көктайғақ болып, бұрқасындатады.
Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.
Оқи отырыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер қараша айында ауа райы қандай болатынын болжады. Қарашаның бірінші жартысында республиканың солтүстік бөлігінде, шығысында және орталығында қыстағыдай ауа райы болады. Жауын-шашын, көбінесе қар жауады, қарлы боран соғады, сондай-ақ көктайғақ болып, тұман жиі түседі.
Айдың бірінші жартысында ең суық күндерде термометр бағанасы түнде -10-23°C, күндіз -2-10°C дейін төмендейді.
Айдың екінші жартысында еліміздің оңтүстігінде жауын-шашын болады. Температура түнде -5-12°С, күндіз -1+5°С дейін төмендейді.