Қоғам

Қазақстанда теміржол станциясының атауы өзгерді

© Sputnik / Тимур БатыршинЖелезнодорожный состав на путях близ станции Шамалган
Железнодорожный состав на путях близ станции Шамалган - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түрксіб жобасына қатысқан құрылысшылар мен теміржолшылардың ерен еңбегіне құрмет ретінде осындай шешім қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Луговая станциясының аты Түрксіб болып өзгертілді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі хабарлады.

"Луговая станциясы (Тараз, Бішкек, Шу теміржолының торабы) – Түрксіб деп өзгертілді. Мұндай шешім Түркістан – Сібір теміржолының 90 жылдығын мерекелеуге байланысты қабылданды", – делінген баспасөз хабарламасында.

Аңызға айналған Түрксіб теміржолы

Түрксіб 1930 жылы 31 желтоқсанда пайдалануға берілді.

Луговая станциясы жағынан 1927 жылы 21 қарашада осы теміржолдың алғашқы рельсі салынды. Құрылыс алаңының ресми ашылуына Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұловтың қатысуымен өтті.

Сол кездегі аңызға айналған магистраль экономиканың дамуында маңызды рөл атқарды: бұл үлкен территорияның табиғи ресурстарын игеруге, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік берді.

Түрксіб ел арасында "жаңа өмір жолы" деп аталды. Өйткені шойын жол бойында қалалар мен жұмысшылар поселкелері пайда болды.

Оқи отырыңыз: Тараздағы "saparcard" атауы неге өзгерді?

Қазір Түрксіб тек Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар Орталық Азиядағы барлық республикалардың экономикасы үшін жемісті жұмыс істеп жатыр. Оларды Қытайдан Ресейге, Орталық Азияға, Таяу Шығысқа және Еуропаға дейін біртұтас Жібек жолына қосады, деп атап өткен министрлік хабарламасында.

Жаңалықтар
0