Әлем

Ресейде коронавирусқа қарсы екінші вакцина өндіріле бастады

© Пресс-служба Роспотребнадзора / Медиабанкке өтуВакцина от коронавируса "ЭпиВакКорона"
Вакцина от коронавируса ЭпиВакКорона - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жақында COVID-19 індетіне қарсы екінші вакцинаны сынақтан өткізу басталады. Оған 40 мың ерікті қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Ресейде коронавирусқа қарсы "ЭпиВакКорона" вакцинасының өндірісі басталды, деп хабарлады Роспотребнадзор.

"ЭпиВакКоронаның" тіркеуден кейінгі сынақтары таяу уақытта басталады, оған 40 мың ерікті қатысады, олардың арасында 60 жастан асқан және созылмалы аурулармен ауыратындар да бар, деп мәлімдеді ведомство.  

Вакцинаны бұлшықетке 0,5 миллилитрден екі рет енгізу ұсынылып отыр, аралығы кем дегенде 14-21 күн болуы тиіс, деп жазды РИА Новости.

Оқи отырыңыз: Министр жазда коронавируспен ауырып шыққандарға сақ болуға кеңес берді 

Дәрі-дәрмекті жаппай жеткізуді қараша-желтоқсан айларында бастау жоспарланған. Препарат азаматтық айналымға 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.

"ЭпиВакКорона" вакцинасы – коронавирусқа қарсы екінші ресейлік препарат, оның тіркелгені қазан айының ортасында белгілі болды. Ол "Вектор" ғылыми орталығында пептидтік антигендердің негізінде жасалды.  

Жаңалықтар
0