НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан — Sputnik. Циклон әсерінен елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста ғана жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.
Өңірлердегі ауа райы
қазгидромет орталықтың хабарлауынща, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман, көктайғақ болады. Күндіз Ақмола және Солтүстік Қазақстанда желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында да тұман мен көктайғақ. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.
Қызылорда, Павлодар облыстарында жел күшейеді. Желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Павлодар облысында - көктайғақ.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерде тұман болады.
Атырау, Жамбыл облыстарында жел күшейіп, 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Алматы облысында таңертең тұман болады.
Ірі қалалардағы ауа райы
Елордада 26 қараща күні жаңбыр жауады. Сынап бағанасы плюс 4-7 градус шамасында көрсетеді. Желдің жылдамдығы - 7-14 м/с.
Алматыда күн ашық, жел жоқ. 15 градусқа дейін жылы.
Шымкентте де жауын-шашынсыз, күн ашық, плюс 16 градус.
Тағы оқыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады