Қоғам

Елді дамытуға сөзбен емес, нақты іспен үлес қосуға мүмкіндік туады – президент

© Sputnik / Владислав ВодневЗал пленарных заседаний мажилиса парламента Казахстана
Зал пленарных заседаний мажилиса парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президенттің айтуынша, қазір республика бойынша мәслихат депутаттарының корпусында жастардың үлесі небәрі 2 процентті ғана құрайды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс пен мәслихат сайлауында жастарға арналған квотаның сақталатынына сенімді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жастарға арналған 30 пайыздық квота туралы бастаманың заңды тұрғыда рәсімделуі мемлекетті басқару тәсілдерін жаңартуға бағытталған байыпты қадам. Сондай-ақ, осы жоба арқылы жастарға еліміздің саяси өміріне белсене араласуға зор мүмкіндік беріледі", – деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазір республика бойынша мәслихат депутаттарының корпусында жастардың үлесі небәрі 2 процентті ғана құрайды. Бұд дегеніміз, 3 мыңнан астам депутаттың ішінде жастардың саны 60 адамнан да аспайды.

"Бүгінде барлық саяси партияның талантты әрі белсенді жастарды тартып жатқанын көріп отырмын. Бұны жағымды үдеріс деп санаймын. Қаншама жастар үшін елдің дамуы мен болашағын айқындауға сөзбен емес, нақты іспен үлес қосуға шынайы мүмкіндік туады. Оны алдағы мәжіліс пен мәслихат сайлауының нәтижесінен көретін боламыз", – деп атап көрсетті Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Сарапшылар ауыл әкімін сайлау кезінде қандай қиындықтар болуы мүмкін екенін айтты

Айта кетейік, президент мәжіліс сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойған болатын. Оған сәйкес, 2021 жылы 10 қаңтарда партиялық тізім бойынша парламент мәжілісі депутаттарының сайлауы өтеді. Мәслихат сайлауы да осы саяси науқанмен бірге атқарылады.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауы науқанына кететін шығындардың жобалық сметасы 15,3 миллиард теңгені құрайды.

Жаңалықтар
0