Қоғам

Тоқаев шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтар туралы айтты

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуРыба, сельдь
Рыба, сельдь - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент қазіргі кезде еңбек миграциясының жаһандық сипаты бар екенін және оны біржақты теріс құбылыс ретінде қабылдауға болмайтынына назар аударды

АЛМАТЫ, 22 қазан – Sputnik. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың еңбек миграциясы мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бұл мәселе өте өзекті болып саналады. Жыл сайын мыңдаған отандасымыз еңбек мигрантына айналып отырғандықтан үндемей қалуға болмайды. Біздің азаматтар шетелде жоғары біліктілік талап етілетін салаларда ғана емес, сонымен қатар көпшілігі қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. Олар өз елінде істеуге келіспейтін жұмысқа басқа елде кірісуге дайын", – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы мұндай жағдайларда еңбек қатынастары ресми түрде реттелмейтінін және қазақстандықтардың заңсыз жұмыс істейтінін атап өтті.

Президент қазіргі кезде еңбек миграциясының жаһандық сипаты бар екенін және оны біржақты теріс құбылыс ретінде қабылдауға болмайтынына назар аударды.

"Бұл біліктілікті арттыру, жаңа дағдыларды игеру, өз ісін бастау үшін бастапқы капиталды жинақтау, басқа әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделу сияқты жағымды жақтары бар көп қырлы процесс. Сол себепті мемлекет қазақстандықтардың, соның ішінде еңбек миграциясында жүргендердің әлеуетін іске асыру үшін барлық күш-жігерін салады. Үкімет осы мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, ұсыныстар енгізуі қажет", – деді Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Кореядағы қазақтардың жанайқайы: отандастарымыз бөтен елдегі мүшкіл хәлін айтты

Айта кетейік, сонымен қатар мемлекет басшысы Қазақстан ішінде оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударатындарға берілетін жәрдемақы көлемін екі есе арттыруды тапсырды. Енді мигранттарға 194 460 теңге жәрдемақы берілетін болады.

Жаңалықтар
0