Қоғам

Нұр-Сұлтанда қоқыс үшін төлем электронды жүйенің тағы бір шикілігін анықтап берді

© Sputnik / Тимур БатыршинЦентр обслуживания населения (ЦОН)
Центр обслуживания населения (ЦОН) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Азаматтарға арналған үкімет корпорациясының өкілдері бұл мәселе көші-қон полициясының мекенжай кодын енгізумен байланысты екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда баспана иесінің рұқсатынсыз әлдебіруелер бөтен кісілерді мекенжайға тіркегені анықталды. Ал тіркеу дерегін базаға енгізетін халыққа қызмет көрсету орталықтары өздеріне шаң жуытпай отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Орталық өкілдері мәселенің мәнісі ішкі істер министрлігіндегі көші-қон базасында деп отыр. Қоқыс төлемінің түбіртегі болмағанда, электронды жүйедегі шикілік жабулы қазан күйі қалуы да мүмкін екен.

Қала тұрғындары біршамасы қоқыс шығару компаниясынан келген төлем түбіртегінде көрсетілген адам саны шындықпен жанаспайтынын айтады.

"Кеше түбіртекті қарасам, бұрынғы түбіртекпен сәйкес келмейді. Екі адамды қосып қойыпты", – дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Нығмет Дәулетбек.

Негізінде айып қоқыс шығарушы компанияда емес. Тіркеуде тұрған адам санына қарай төлем талап ету заңды құқықтары. Сонда пәтерлерде тіркеуде тұрған адамдар қайдан келген? Арна тілшілері мән-жайды білмек болып халыққа қызмет көрсету орталығына барғанда қаумалап жүрген мекенжайға тіркеу қызметін ұсынатындарды кездестірген. Тілдесіп те көрген. Бұлар өз пәтеріне тіркеп жүрген азаматтар. Олардың айтуынша, мүлік иесінің келісімін қажет етпей мекенжайға тіркегіш пысықтар да бар екен. 

Ал азаматтарға арналған үкімет корпорациясы қызмет көрсету орталықтарының міндетіне шаң жуытқысы жоқ. Бар мәселе көші-қон полициясының 2018 жылы енгізген мекенжай тіркеу кодында екен. Сол МТ кодты қолданысқа енгізу барысында жауапты органдар бірінің тілін бірі ұға алмайтын күйге жеткендей. Бірақ бұл өтпелі дейді.

"Бұл жерде заңсыз тіркелген немесе үйдің иесінсіз тіркелген деген сұрақ мүлдем туындамау керек. Жергілікті атқарушы органдармен оның ішінде сәулет басқармасымен де, бізбен де қазір жұмыс жүргізіліп жатыр ғой. Қазір ауыспалы кезең", –  дейді көші-қон қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Нұрбек Нұрахметов.

Мекенжай тіркеу коды жүйесі негізінде ашықтықты қамтамасыз етіп, заңсыз тіркеуге тосқауыл болуды көздейді. Тек тұрғындарға ұғындыру жұмысы ақсап тұрғаны анық. Ал бұл кісілер үшін қарапайым қоқыс қызметінің түбіртегі пәтерлерде заңсыз тіркеуде тұрғандарды түгендеп берді.

Оқи отырыңыз: Тариф өскен жоқ, төлем көбейді: астаналықтар қоқыс ақысының қымбаттағанына шағымдануда

Сайып келгенде барлық баспана иесі өзі білмейтін, бірақ баспанасында тіркеуде тұрған азаматтарға коммуналдық ақыны төлемеймін десе, барлық электронды порталдардың тілін меңгеруі тиіс. Осы тұста бір нәрсені ескеру керек, ол электронды порталдардың әліппесін өзіңіз үйренбесеңіз, ешкім келіп сізге үйретпейді.

Жаңалықтар
0